Қандай топырақ құнарлы? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

5 тарау 4 сабақ

Сабақ тақырыбы: Қандай топырақ құнарлы?

Ұйымдастыру.

«Аралас. Жұптас. Пікірлес» стратегиясын қолдануға болады.

Мақсаты: Өткен сабақты еске түсіру.

Мұғалім оқушыларды сыныптың ортасына шақырады. Оқушылар сынып ортасына келіп араласып жүреді. Белгі берілгенде жұптасып тұрады да, төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасады.

• Топырақтың құрамында не бар?

• Топырақтың қасиеттерін ата.

• Құнарлылық дегеніміз не?

Бірнеше пікірді тыңдау үшін жұптармен алмасу бірнеше рет қайталанады. Кейбір жұптар жауаптарымен сыныппен бөліседі. Қажет болған жағдайда жауаптарға толықтырулар мен түзетулер енгізуге болады.

Сабақтың ортасы:

  • Әртүрлі топырақ.

Оқушыларға суреттерді салыстыру ұсынылады. Су басқан және құрғақ алқаптың суретінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады. Суреттер бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Суреттерде не бейнеленген? (жер)
  • Оларға не ортақ? (Екі суретте де өсімдіктер өскен)
  • Олардың ерекшеліктері неде? (Біріншісінде алқапты су алып кеткен, екіншісінде су жоқ, құрғақ.)
  • Суреттегі өсімдіктер өсіп тұрған жердің топырағы жайлы не айтар едіңдер? (Біреуінде – сазды, екіншісінде – құмды)
  • Неліктен бір алқапта су топыраққа сіңбеген? Екіншісінде сіңіп кеткен деп ойлайсың? (топырақ түріне байланысты)
  • Олардың қайсысы құнарлырақ? (Сулы алқапта кейбір өсімдік артық ылғалдан солып қалуы мүмкін, құмды алқапта кейбір өсімдікке ылғал жетіспеуі мүмкін)
  • Зертте. Өрік ағашын отырғызу үшін қандай топырақ қолайлы? сұрағына жауап іздеуге бағыт беріледі.

Оқушылар оқулықтағы кесте бойынша жұпта жұмыс жасайды. Кестеде берілген ақпараттарға талдау жасайды.

Сұрақтармен жұмыс:

- Кестеде топырақтың қандай түрлері (Топырақтың бірнеше түрі)

- Әр түрлі топырақта ағаштың биіктігі әр жылда қалай өзгереді?

- Ағаштың биіктігі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? (Сантиметрмен)

- Оны басқа өлшем бірліктерімен алмастыруға бола ма? (Метрмен, милиметрмен)

- Жеміс ағашының көшетін отырғызу үшін берілген кестедегі деректерді қалай қолданасыңдар? (Көшеттің биіктігін әртүрлі топырақтарда өлшеу)

- Қай жылдар бойынша салыстыру жасалған? (Үш жылдық салыстыру)

3. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Берілген кестедегі мәліметтерді пайдаланып, зерттеуші күнделігіне диаграмма салады, көшет биіктігін жылдарға байланысты сантиметрмен көрсетеді. Әр топыраққа белгілі бір түсті таңдап, бағандар салып бейнелейді.

• Қорытынды шығару: Ойды жалғастыр. Жеміс ағашын (өрікті) құнарлы топыраққа отырғызса, тез өседі. Өйткені .......

Ең құнарлы топырақ – қаратопырақ екенін өздері айтуға бағытталады. «Қаратопырақ» сөзінің мағынасын түсіндіру үшін мәтінмен жұмыс жасалады.

  • Мәтінмен жұмыс.

Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Үш-үштен бірігу. Біріншісі – қаратопырақ, екіншісі- сазды топырақ, үшіншісі-құмды топырақ рөліне еніп, өздері туралы ақпараттарды бір-біріне айтады. Мысалы: Мен-қаратопырақпын. Менің қабатым 1 м жетеді. Менің бойымда қоректік заттар көп. Менде өскен өсімдік жайқалып өседі тсс.

  • Топырақ және адам. Топтық жұмыс.

Топырақты құнарландыру жолдарын топпен ақылдаса отырып кестеге жазады және өз ойларымен басқа топтармен бөліседі.

Топырақты құнарландыру жолдары:

1. топырақты қопсыту

2. тыңайтқыштарды қолдану

3. үнемі суарып отыру

6. Ойлан.

- Қыста топырақта қандай өзгеріс болатынын сұралады. (Ол қардың астында тынығады)

- Көктемде қар қайда кетеді? (Қар ериді, суы топыраққа сіңеді)

- Адам құрғақ топырақты барынша ылғалмен қамтамасыз ету үшін не істеуі қажет? (Қыс мезгілінде алқаптарға көбірек қар үю қажет)

Осындай әрекет «қар тоқтату» деп аталатыны айтылады.

7. Сен білесің бе? Өсімдік тіршілігіндегі топырақтың маңызы жайлы ақпаратпен таныстырылады.

Рефлексия

  • Топырақтың құнарлылығы неге байланысты?
  • Қандай топырақта қоректік заттар көп болады?
  • Топырақ құнарлылығын қалай жақсартуға болады?
  • Қыста топырақ құнарлылығын арттыру үшін не істеуге болады?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу