Қандай топырақ құнарлы? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3-сынып Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары. | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні: | ||||||||
Тақырыбы: | Қандай топырақ құнарлы? | |||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу; 3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу. | |||||||
Бағалау критерийі | Топырақтың құнарлы болуын түсінеді; Топырақтың құрамын зерттейді. | |||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика, көркем еңбек. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Топырақтың әртүрлі түсте болуы себептерін біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қызығушылығын сабаққа аудару үшін шеңбер бойымен тұрып «Ыстық лебіз» ойыны арқылы бір-біріне тілек айту. Жедел жауап . Тапсырманың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталап, жаңа тақырыппен байланыстыру. «Алтын көпір» ойыны арқылы оқушылар топырақтың құрамына не кіретінін, топырақтың қасиеттерін және құнарлылық дегенді еске түсіреді. Тапсырма жұптасып орындалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Сұрақтар: -Топырақ қандай болады? -Топырақты не үшін қолданады? -Топырақтың құрамында не болады? -Топырақтың қандай қасиеті бар? -Құнарлылық деген не? -Топырақпен не істеуге болады? ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. | Көңілді әуен қосып қою. Слайд №1 Слайд №2 | ||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 1 минут 4 минут 2 минут 4 минут 3 минут 1 минут 3 минут 7 минут | Әртүрлі топырақ. Тапсырманың мақсаты: топырақтың құнарлығы онда өсетін өсмдіктерге байланысты екенін түсіну. Тапсырманы оқушылар жұптасып, екі суретті салыстырады. Суреттерді салыстыра келе біреуі сазды, ал екіншісі құмды екендігін анықтайды. Қай топырақ құнарлырақ екендігін талқылайды. Берілген екі алқаптан өсімдіктердің өсу ерекшелігін талдайды. Сұрақтар: -Екі суретте не берілген? - Олардың айырмашылықтары бар? - Екі суретте не бейнеленген? -Суреттегі топырақтар қандай? -Екі алқаптан бірдей өнім шығады ма? Ойыңмен бөліс. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Қаратопырақтың құнарлы болуын түсіну. Зерттеудің жоспарын құру: Берілген кестені талдау арқылы диаграмма құрып, қорытынды шығару. Ресурстарды тарату. Әр жұпқа кесте, диаграмма сызуға арналған құралдар. Талқыланатын сұрақтар: -Кестеден қандай мәлімет алуға болады? -Топырақтың қандай түрлері берілген? -Ағаштың биіктігі үш жылда қалай өзгерген? -Қай топырақ ағаштың өсуіне қолайлы? -Ағаш қай топырақта аз өсті? -Қай топырақ жеміс ағашын отырғызу үшін қолайлы? Ойыңмен бөліс? -Қаратопырақ сөзінің мағынасы қандай деп ойлайсыңдар? Саралау. Ынтасы жоғары оқушылар жұбына топырақ құнарлы болу үшін не істеу керектігін ойластыру. Ойларын тыңдау. Зерттеу жұмысын қорытындылау. Зерттеудің жоспары мен оның барысын салыстырып, қорытынды шығару. Топырақ және адам. Мақсаты: Тұрғылықты аймақтың топырағын сипаттау. Топырақтың барлық жерде бірдей құнарлы болмауын түсінеді. Топырақтың құнарлылығын жақсарту үшін адамның әрекеті әсер ететінін біледі. Оқушылар топтасып топырақты жақсарту үшін не істеу керектігін анықтайды, сызбасын сызады. Жетекші сұрақтар арқылы тапсырманы орындайды. Сұрақтар: -Еліміздің барлық өңірлерінде топырақ бірдей болады ма? -Топырақтың құнарлылығын қалай көтеруге болады? Оған адамның әрекеті әсер ете алады ма? -Топырақтың құнарсыздануына адамның іс-әрекеті әсер ете алады ма? Оқушылардың сызбаларын, берген жауаптарын мұқият тыңдап, қалыптастырушы бағалау ретінде «Смайликтерді» пайдаланса болады. Ойлан. Қыс мезгіліндегі топырақтың күйін сипаттау. Топырақта тіршілік ететін ағзалардың қысқы ұйқыға кетуі мен топырақтың тынығу үдерісі болатынын талдау. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Сен білесің бе? Кейбір өсімдіктердің топырақсыз өсе беретінін және топырақ өсімдіктің тік өсуіне керек екендігін талдау. Кейбір өсімдіктердің суда өсе беретінін айту. Нақты мысалдармен дәлелді сөйлеу. Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. 6-жұмыс парағы. «Топырақтың ерекше қасиеті», 8-б. Ребус. Топырақтың басты қасиетін анықтап, ребусты шешу. Құнарлы топырақ. Оқушылар бос ұяшықтарға топырақтың құнарлылығына әсер ететін элементтерді жазып, сызбаны толтырады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Топырақтың қасиетін біледі; -Құнарлы топырақтың пайда болуын біледі. 7-жұмыс парағы. «Құнарлылықты арттыру», 9-б. Сәйкестікті тап. Топырақ пен оның сипаттамасын сызықпен жалғайды. Кестені толтыр. Топырақтың құнарлылығын арттыратын әрекеттерді белгілеу. Диаграмма сызу. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Топырақ сипаттамысын біледі; -Топырақ құнарлылығын жақарту жолдарын біледі. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы. | Слайд №3,4,5,6
Оқулықпен жұмыс https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw Дәптермен жұмыс Слайд №7,8 | ||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.
| Бағалау парағы Слайд №9 | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?