Зат неден құралған? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Заттар мен олардың қасиеттері. Заттардың типтері. Ауа. | Мектеп:Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып:4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Зат неден құралған? | |||||
Оқу мақсаттары | 44.3.1.1 - заттың молекулалық құрылысын түсіндіру; 4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін олардың артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу 4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Заттардың құрамын анықтау, сол үдерісті түсіндіру,заттың моделін құрастыру. | |||||
Бағалау критерийлері | Заттың молекулалық құрылысын сипаттайды. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік және терминология:
Заттардың құрамы
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Заттардың қасиеттері | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы5минут | I.Ұйымдастыру кезеңі Ұйымдастыру кезеңі.Терең ғылым сананың, Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз Ғылымға кіріспе сабағын.ІІ.Мотивациялық-қызығушылық кезеңі(Ұ, Ө)Сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Ойлан! ТАП!» ойыны. Суретке қарап, суреттегі заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды, сабақ тақырыбына болжам жасайды. | Презентация Қима әріптер | ||||
Сабақ ортасы | (Ұ) «Молекулалар» ойыны 1. «1 молекула»- дегенде оқушылар сынып ішінде емін -еркін қозғалыс жасайды. 2. «3 молекула»- дегенде оқушылар 3-3-тен қолұстасып, қозғалыс жасайды. 3. «5 молекула» - дегенде оқушылар ортаға тығыздала жиналады. Сұрақ-жауап: - Балалар, қандай сезімде болдыңдар? -Егер әрбір оқушыны бір молекула деп есептесек,онда жинақталған топтан қандай зат пайда болар еді? -Заттардың агрегаттық күйі туралы не айтуға болады? -Заттардың агрегаттық күйіне байланысты молекулалар қалай орналасады деп ойлайсыздар? /Оқушылардың қорытындыларын тыңдау, толықтыру/ Түсініктеме: Газ тәріздес заттардың молекулалары еркін қозғалыста болады, олар өзара алшақ орналасады. Сұйық заттың молекулалары газ күйіне қарғанда тығызырақ орналасады. Қатты заттың молеклалары сұйық затқа қарағанда анағұрлым тығыз орналасады. (Қ,Ө)Сәйкестендір. Оқушылар заттардың агрегаттық күйлері мен молекулалық орналасу ерекшеліктерін сәйкестендіреді. Дескриптор: білім алушы:
Өзара бағалау. Диф/Саралау:Оқушыларды түрлі-түсті стикерге жазылған аттары бойынша топтарға бөлу. Жасыл-1 топ /мотивациясы жоғары оқушылар/ Қызыл-2топ /мотивациясы жоғары оқушылар/ Көк-3 топ /мотивациясы жоғары оқушылар/ Сары-4 топ /мотивациясы орташа оқушылар/ Оқушылар стикердің түсіне сәйкес топтарды құрайды. (Т, Ұ) Әр топқа «өзіндік» заттарды таратып беріп (органикалық табиғи, органикалық синтетикалық, органикалық емес – металл т.б.) бұл заттарды қай жерде қолдануға болатынын болжап көруді ұсыну. (Қ, Ө, Т) Топтарға бір зат туралы және оны қолдану саласы жөнінде сөз дайындауды және сол заттың молекулалық моделін ермексаз бен тісшұқығыш таяқшалары/сым/ арқылы жасау ұсынылады. 1-топ 2-топ 3-топ Судың молекуласы Қанттың молекуласы Тұздың молекуласы
4 -топ Атомның құрылысын жасау
/Топтардың жауаптарын тыңдау, өзара бағалау, толықтыру/
| Молекулалардың орналасуы https://clck.ru/DaTQ8 https://clck.ru/DaTRN атом, протон, нейтрон Таратпа материалдар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар. «СМС» жазу әдісі Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы мұғалімге, ата-анасына, достарына арнап жазулары керек. Өзін-өзі бағалау Тақтада сары, жасыл молекулалардың суреттері тұрады. Оқушылар егер өздерін сабақтың мақсатын меңгергенің, сабақты белсенді болып, жақсы жұмыс жасағанына келісетін болса, жасыл молекуланың суретіне есімін жазып, қояды. Ал егер жұмысты біреудің көмегімен жасап, әлі де көмек қажет ететін болса, сары молекуланың суретіне есімін жазып қояды. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері бірдей оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында қабілеті орташажоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Оқушылардың молекула құрылысын жасап, сипаттай білуін бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?