Өсімдіктерді қалай қорғаймыз? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Жанды табиғат. Өсімдіктер

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?

Оқу мақсаты

4.2.1.6 өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну

4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Өсімдіктерді қорғау жолдарымен танысады.

Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийі

Өсімдіктерді қорғау жолдарын сипаттайды.

Өсімдіктерді не үшін қорғау қажетекенін негіздейді.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер

көгалдандыру

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктің тіршілік циклін, тозаңдану процесін сипаттайды. Өсімдіктің мүшелерін, олардың қызметтерін атайды. Өсімдіктердің тіршілік үшін маңызын түсіндіреді.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма. Постерді толықтыр.

Топтық жұмыс.

Өсімдіктердің пайдасы, тіршіліктегі маңызы туралы жазу (уақытты көп алмау үшін тек тізім жасаса болады).

Постерді зерделеу.

- Тағы қандай ақпаратпен толықтыруға болады?

- Бізге өсімдіктер не үшін қажет?

Ғаламтор, БАҚ ресурстарын қолдану.

Өсімдік маңызын атау:

  • Өсімдіктер оттек өндіреді.
  • Жануарлар үшін мекен, баспана, қорған, қорек болады.
  • Адамдар азық-түлік ретінде, қағаз өндіруде, жиһаз жасауда, құрылыста, дәрі-дәрмек алуда, қала мен ауылдарды көгалдандыру мен безендіруде пайдаланады.
  • Өсімдіктер тірі ағзаларға Күннен алған энергияны таратады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Сабақтың ортасы

Ойлан. «Бір тал кессең, он тал ек» мақалын талдау. Өсімдіктер жойылып кетсе, не болатынын болжау.

Мысалы,

- Жердің атмосфера қабығындағы оттек мөлшері азаяды.

- Жер бетінде қорек тапшылығы орын алады.

- тірі ағзалар Күн энергиясын ала алмайды.

- Жер бетіндегі тіршілік тоқтайды.

Өсімдікті қорғау шаралары.

Өсімдікті қорғау үшін қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы не білетінін сұрау.

(Қорық ұйымдастыру, арнайы саябақ ұйымдастыру, «Қызыл кітапқа» енгізу, өсімдіктерді зерттеу, бақылау, Заңмен қорғау)

Өсімдіктерді не үшін зерттеу керек?

(Олардың маңызын анықтау, сортын, өнімін жақсарту, жойылып бара жатқандарын анықтау, қорғау үшін.)

Заң не туралы болуы керек? (Өсімдіктерді жұлмау, себепсіз кеспеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, қатты аяздарда үсіп кетуден сақтау шараларын жасау, белгілі бір өсімдік түрлерін сақтау, қорықтар ашу, өсімдіктерді қорғау үшін өрт қауіпсіздігін сақтау, т.с.с. ұсыныстар айтады.)

Жұпта ереже құрастыру.

Жоба жаса. Өсімдікті қорғаудың ең тиімді жолы. Топтық жұмыс. Жобаны рәсімдеу түрін өздері таңдайды (сызба құру, хат жазу, коллаж құрастыру, постер жасау, кітапша дайындау).

Тапсырманы орындауға нұсқаулық

 1. Топта өсімдіктерді қорғау жолдары туралы қысқа пікір алмасу.

 2. Өсімдіктерді қорғаудың тиімді жолдарын таңдау және негіздеу.

 3. Оны таңдап алған ұсыну формасымен рәсімдеу.

 4. Сыныпты жұмыспен таныстыру.

 5. Басқа жұмыстарды тыңдау және бағалау (ҚБ. жұмыстың ең жақсы тұсын атау және жақсарту үшін екі ұсыныс айту).

Сен білесің бе? Қазіргі кезде көңіл бөлуді қажет ететін мәселенің бірі – ормандағы ағаштарды жаппай кесу. Ағашты, орманды орынсыз кесудің зияны туралы әңгімелесу.

Өзіндік жұмыс.

16-жұмыс парағы. «Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?»

Өсімдіктер және біз. Неліктен бұл ғаламшарда өсімдіктер мүлдем өспейді, ғарышта қандай өсімдіктер өсуі мүмкін, өсімдікті не себепті таңдағанын түсіндіреді.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

Сабақ кезеңдерін, оқып үйренгенін пысықтау.

Осы тақырып бойынша нені еске сақтау керек?

Кері байланыс.

1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақ қою барысында саралау

Тапсырмалар бойынша саралау:

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарына, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы

- Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу