Магниттік қасиеттер. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Табиғат физикасы. Магниттік қасиеттер
Сабақта 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу оқу мақсаттары жүзеге асырылады.
Оқушыларды топтарға біріктіріп, магнит таратылады. Тапсырма: Қолжетімді ресурстар қолданып, магниттің қасиеттерін анықтау.
Оқушылар төменгі сыныптағы білімдерін еске түсіріп, магнитпен түрлі эксперименттер жүргізеді. Біреуін сынып алдында көрсетеді, түсіндіреді. Қолжетімді қажет ресурстарды үстелге жинақтап қоюға болады. Оқушылар өз керегін алады.
Магнит туралы не білеміз? Тапсырмасын орындау барысында жоғарыда жасаған эксперименттерін қорытындылайды. Тапсырмадағы назар аударатын тұсы «Магниттің неше полюсі бар?» сұрағы. Магниттің екі полюсі болатынын, олардың белгіленетін (Солтүстік «N», оңтүстік «S».) түсіндіріп өтіңіз. Сонымен қатар, «біртекті полюстар тебіледі, әртекті полюстар тартылады» деген ұғымды да пысықтап, практика жүзінде көрсетіп өту қажет.
Зерттеу жұмысының нұсқаулығымен оқушыларды таныстырып өтіңіз. Енді топтар өз әрекеттердің алгоритмін жазады. Одан басқа зерттеу сұрағын (мысалы, металл магниттеле ме?), гипотеза, ресурстарды жазу естеріне салыңыз. Осылайша зерттеуді жоспарлауға оқушыларды қамтуға болады.
Металды магниттеу бойынша экспериментті топта орындаған соң, қорытындылайды. Қалай жүргізгендерін сипаттап айтып береді. Өздері жазған жоспарынан ауытқулар болған\ болмағанын сұраңыз. Орын алған ауытқуларды атай, себебін түсіндіре, негіздей алуға дағдыландырыңыз.
Ойлан. Оқушылардан неге адамдар бұрағыштарды, пинцеттерді магниттейді? – деп сұраңыз. Шамамен «Мұндай бұрағышпен шегелерді бұрау жеңілірек, ал магниттелген пинцетпен тар саңылаулардан шегелерді оңай алуға болады» деп жауап бере алады.
Өзіндік жұмыс орындау.
59-жұмыс парағы. «Магниттік қасиеттер»
Магниттердің қасиеттері. Сөйлемдегі бос орындарды толтырады, магниттің қасиеті жайлы білімдерін бекітеді.
Ықтимал жауаптар:
1. Қыстырғыштар, шегелер және т.б.
2. Солтүстік және оңтүстік.
3. Тебілу.
4. Ұру, қыздыру және т.б.
5. Темір.
Магниттің полюстерін анықта. Магниттердің өзара әрекеттесуі жайлы білімді бекітіледі, магниттің полюстерін «S» және «N» әріптерімен белгілейді.
60-жұмыс парағы. «Магниттер мен олардың қасиеттері»
Заттардың қасиетін зертте. Заттардың суретін салып, олардың неден жасалғанын жазады.
Ықтимал жауаптар:
Магнитке тартылады: шегелер, қыстырғыштар және т.б.
Магнитке тартылмайды: өшіргіш, қағаз және т.б.
Магниттеледі: бұрағыш, болат сым және т.б.
Магниттелмейді: алтын сақина, алюминий сым және т.б.
Рефлексия кезеңінде сабақ кезеңдерін пысықтап, оқып үйренгендерін қайталайды.
Кері байланыс парағын толтырады.
Сабақ .... (қызықты\ қызықсыз) болды
Сабақ .... (қиын\оңай) болды
Сабақта .... (жаңа ақпарат \ таныс ақпарат ) болды.
Сабақта үйренгенімді ..... пайдаланамын.
Сабақта үйренгенімді ..... айтып беремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?