Магниттік қасиеттер. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Табиғат физикасы | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні | ||||||||||
Тақырыбы | Магниттік қасиеттер | |||||||||
Оқу мақсаты | 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу. | |||||||||
Сабақтың мақсаты | Металдардың магниттелу қасиетімен танысады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Магнит көмегімен металдарды магниттейді. Магнит көмегімен металдарды магниттеуді сипаттайды. | |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, қазақ тілі, дүниетану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Магниттің қасиеттері мен қолданылу салаларын сипаттайды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма. Магниттің қасиеттері жайлы білімдерін жаңғырту. Топтық жұмыс. Қолжетімді ресурстар қолданып, магниттің қасиеттерін анықтау. Әр топ магниттің қасиеттерін ашып көрсету үшін эксперимент жүргізеді. Оны түсіндіреді. ҚБ: Топтардың өзара бағалауы | Магниттер. Қолжетімді ресурстар: қатты қағаз, су, құм, шыны, қыстырғыш, шеге, т.с.с. | ||||||||
Сабақтың ортасы | Магнит туралы не білеміз? Талқылау сұрақтары: • Магнитке қандай заттар тартылады? • Магнитке қандай заттар тартылмайды? • Магнит кедергі арқылы заттарды тарта ма? • Магниттің күшін өзгертуге немесе оның магниттік қасиетін жоюға болады ма? (Егер магнитті ұрса немесе қыздырса, оның магниттік қасиеті жойылады.) • Магниттерді қай салада пайдаланады? (Медицинада: МРТ, физиологиялық емдеу; зауыттарда, тұрмыста.) Бөліктердегі полюс туралы ақпаратты талдау (суреті бойынша)
Практикалық жұмысты орындау: Магниттердің өзара әрекеттесуін тексеру (Біртекті полюстар тебіледі, әртекті полюстар тартылады). Зерттеу жұмысы. Әр топқа заттардың жиынтығын (қайшы, бұрама шеге, қыстырғыш, кішкентай шеге, алюминий, мыс, болат сымдар, монета) тарату. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Ойлан. Бұрағыштарды, пинцеттерді неге магниттейді? Мұндай бұрағышпен шегелерді бұрау жеңілірек, ал магниттелген пинцетпен тар саңылаулардан шегелерді оңай алуға болады. Өзіндік жұмыс 59-жұмыс парағы. «Магниттік қасиеттер» Магниттердің қасиеттері. Сөйлемдегі бос орындарды толтыру. Магниттің полюстерін анықта. Магниттің полюстерін «S» және «N» әріптерімен белгілеу. 60-жұмыс парағы. «Магниттер мен олардың қасиеттері» Заттардың қасиетін зертте. Көрсетілген қасиеттерге ие заттардың суретін салу, олардың неден жасалғанын жазу ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Магнит Магнит, қайшы, бұрама шеге, қыстырғыш, кішкентай шеге, алюминий, мыс, болат сымдар, монета | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия кезеңі. Сабақ кезеңдерін пысықтау. Не үйрендік? Кері байланыс. Сабақ .... (қызықты\ қызықсыз) болды. Сабақ .... (қиын\оңай) болды. Сабақта .... (жаңа ақпарат \ таныс ақпарат ) болды. Сабақта үйренгенімді ..... пайдаланамын. Сабақта үйренгенімді ..... айтып беремін. ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. | Кері байланыс парағы | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сұрақ қою барысында саралау. Тапсырмалар бойынша саралау. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: - мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау); - топтардың өзара бағалауы; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау; | - Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?