Электрлік және магниттік құбылыстар. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

3-сынып

Табиғат физикасы. Электрлік және магниттік құбылыстар

Сабақта 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу оқу мақсаттары жүзеге асырылады.

Сабақ электр мен магниттілік жайлы өткен материалды қорытындылауға бағытталады. «Электр» мен «Магнит» сөздерін тақтаға жазылады. Оқушыларға тақтаға бір бірлеп шығып, осы тақырыптар бойынша сөздер жазады.

Бәрін білгім келеді! Ойын алаңын дайындауға немесе тақырыптар бойынша кеспе парақшаларға сұрақтар дайындап алуға болады. Қарапайым электр тізбегі қандай элементтерден тұрады? (батарея, шамдар, кілт, байланыстырушы сымдар).

Тағы қандай элементтерді білесің? (Қоңырау, розетка, электр құрылғы.)

Олардың әрқайсысы қандай қызмет атқарады? (Батарея – электр энергиясының көзі, сымдар арқылы электр өтеді, кілт тізбекті қосып, ажыратады.)

Мұғалімнің сұрақтарына жауап берген соң, оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Жауаптар:

1. Күн батареялары және жел генераторы.

2. Энергия көзі мен байланыстырушы сымдар тұйықталған тізбек құрады.

3.Шартты белгілер электр тізбектерінің суретін салу үшін қолданылады.

4. Өйткені олар бірдей қызмет атқарады. Олар электрді жылуға айналдырады.

5. Мысалы, қыстырғыш, жапсырма шеге, шеге.

6. Мысалы, магнит тақта, компас, ойыншықтар.

Енді оқушылардың өздері бір бір сұрақ құрастырып, сыныптастарына қояды, өзара бағалайды.

Электр құралдары тапсырмасын саралауды ұйымдастыру үшін де пайдалануға болады. Ол үшін шартты белгілердің суретін, электр құрылғылардың суретін даярлап алыңыз.

  • Ынтасы жоғары оқушылар суретте көрсетілген құрылғыларды анықтап, қасына шартты белгілерін өздері салады.
  • Ынтасы төмен оқушылар өздеріне жеке таратылған электр құрылғылардың суреттеріне шартты белгілер жапсырады.

Зерттеу электрлену құбылысын қызықты түрде зерттеуге және денелердің үйкелудің көмегімен электрленуі жайлы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Саралау тапсырмасы ретінде ынтасы жоғары оқушыларға зерттеуді құрғатылған емес, дымқыл құтымен өткізіп, электрлену үдерісінің ауа ылғалдығына байланыстылығы туралы қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Қақпақтың электрленуі себебінен оған шыршалардың тартылғанын түсінеді. Егер құты құрғақ болса, электрлену үдерісі жақсы жүреді. Дымқыл құтыда электрлену пайда болмайды.

Ойлан айдарындағы тапсырма қауіпсіздікті сақтауды үйретуде тиімді болады. Оқушылар талдай келе, не істеуге болмайтынын айтады.

Өзіндік жұмыс

61-жұмыс парағы. «Электрлік және магниттік құбылыстар». Сөз құрастыр. Әріптерден сөздер құрап, оны магниттің ішіне жазады. Жауаптары: Батарея; шам; темір; янтарь; тізбек; электр; найзағай; көз.

62-жұмыс парағы. «Абайла, электр тогы!». Мұны білу керек. Электр құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы білімін бекітеді. Әр суретке жіберілген қателіктерді жазады. Жауаптары:

1.Әйел адам су қолымен электр құрылғыны ұстап тұр.

2. Ер адам құрылғының сымын тартып жатыр, розеткаға көп құрылғылар қосылған, сым жалаңаштанған.

3. Балықшы қармағы электр сымдарына тиіп тұр.

ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Рефлексия кезеңінде сабақ кезеңдерін пысықтап, оқып үйренгендерін қайталайды.

Кері байланыс парағын толтырады.

Сабақ .... (қызықты\ қызықсыз) болды

Сабақ .... (қиын\оңай) болды

Сабақта .... (жаңа ақпарат \ таныс ақпарат ) болды.

Сабақта үйренгенімді ..... пайдаланамын.

Сабақта үйренгенімді ..... айтып беремін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу