Жер қабаттары қалай орналасқан? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

6 тарау 2 сабақ

Сабақ тақырыбы: Жер қабаттары қалай орналасқан?

Ұйымдастыру. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау жұмысын жүргізу. Оқушылар «+», «-» таңбаларын қойып, тексереді.

мазмұны

Иә-+/жоқ-

1

Ауа кез келген жерде болады

+

2

Жер бетіндегі тіршілік қабаты гидросфера деп аталады

-

3

Жауын-шашын, бұлт биосфера қабатында болады

-

4

Жердің қатты қабаты -литосфера

+

5

Мұхит пен көлді мекендеушілер гидросфера нысаны

-

Бағалау критерийілері беріледі

  • Ауаның қасиетін біледі
  • Жер бетінің тіршілік қабаты жайлы түсінік қалыптасқан
  • Жауын-шашын бұлт орналасқан жер қабатын біледі
  • Жердің қатты қабатын дұрыс анықтайды
  • Мұхит пен көлді мекендеушілердің мекендейтін қабатын біледі

Бағалау шкаласы арқылы өздерін бағалайды.

5-4 ұпай

«5»

3 ұпай

«4»

2 ұпай

«3»

Оқушылар өз білімдерімен сұрақтарды мұқият оқып, жауаптарды дұрыс таңдауларына талдау жасайды.

Сабақтың ортасы:

  • Мозаика құрастыр.

Бұл тапсырманы орындау оқушыларға жануарлардың әрқайсысы Жердің қай қабатында мекендейтінін меңгеруге көмектеседі.

Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударып, сұрақтарға жауап алынады.

  • Суретте қандай жануарлар бейнеленген?
  • Олар қайда мекендейді?
  • Жануарлардың әрқайсысы туралы не айтуға болады?
  • Олардың ерекшелігі неде?
  • Тірі ағзаларға тіршілік ету және өсу үшін не қажет?

Әр топқа суреттер жиынтығы беріледі. Оқушылар жануарлардың суретін олардың тіршілік ортасына қарай (әуеде, жерде, жер астында, суда) орналастырады. Оқушылардың назары тіршілік ортасының литосфера тереңдеген сайын, атмосфера биіктеген сайын азаятынына аударылады. (Тірі ағзалардың тіршілігіне оттек пен су, қорек қажет.)

Талқылау. Басқа ғаламшарларда неліктен сондай жануарлар, балықтар мен құстар мекендемейтінін топта талқыланады. Жауаптарды тыңдап, дұрыс жауап болмаса басқа ғаламшарларда ауа және су жоқ болғандықтан тіршілік жоқ екені айтылады.

Модель жаса.

Модельдеу барысында оқушылар Жер қабаттарының қалай орналасқанын және олардың қайсылары бір-бірімен өзара байланысты екенін түсінеді.

Топтық жұмыс ұйымдастырылады. Әр топқа шар түрінде бейнеленген Жердің суреті салынған парақ, қоңыр, көгілдір, көк және жасыл түсті сақиналар (жасыл сақина қалғандарына қарағанда екі есе жуан), желім, қайшы беріледі.

Жұмысты орындауға арналған нұсқаулық

  • Әр түс Жердің қай қабатын білдіретінін анықтау.
  • Сақиналарды Жер қабықтарының орналасу ретіне сай жапсыру.
  • Жасыл сақина (биосфера) басқа сақиналардан неге жуан екенін дәлелдеу
  • Жасаған жұмыстарын қорғау
  • Биосфера басқа қабықтармен қалай байланысады?

Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар биосфера өкілдерінің басқа қабықтармен байланысын білетін болады. Жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Тірі табиғат иелері басқа Жер қабаттарынан не алып, не беретіні туралы ойлану тапсырылады. Әр топ алдын ала биосфераның қандай өкілін таңдайтыны жайлы ақылдасып, параққа жауаптарын жазып, басқа жұптарға береді.

Басқа жұптардың жауаптарымен салыстырып, ортақ жауаптар анықталады.

  • Таңдаған жануарды ата.
  • Жануар атмосферадан не алады? (Тыныс алу үшін оттек алады.)
  • Барлық тірі ағзалар дем шығарғанда атмосфераға қандай газ бөледі? (Көмірқышқыл газ.)
  • Гидросферадан не алады? (Су ішеді, ал балықтар үшін ол – тіршілік ортасы).
  • Ол гидросфераға қандай пайдасын тигізеді? (олар суқоймалардың табиғи тазаруына ықпал етеді).
  • Тірі ағзалар литосферадан не алады? (Өсімдіктер, тышқандар мен құрттара, құмырсқалар үшін пайдалы заттар литосферада орналасқан, т.б. және көптеген жануарлардың тіршілік ортасы болып табылады.)
  • Литосфераға не береді? (Өсімдіктер литосферада қарашірікке айналады)
  • Ойлан.

Оқушыларға сұрақ қойылып, жауаптары тыңдалады.

  • Жер ғаламшарымыз өзгеріске ұшырауы мүмкін бе?
  • Неліктен өзгеруі мүмкін?
  • Адам баласы әр қабыққа қандай өзгерістер әкеледі?
  • Жер қабықтарының біреуі өзгерсе, басқаларына әсер ете ме?
  • Ғаламшарымызды сақтап қалу кімнің қолында?
  • Сен білесің бе?

Оқушылардан Жер бетінде алғашқы тірі ағзалар оның қай қабатында пайда болғанын сұралады. Алдымен бактериялар суда пайда болғаны туралы ақпарат беріледі.

  • Сабақтан алған білімдерін тексеру үшін қалыптастырушы бағалау жұмысы семантикалық картада белгілеу бойынша алынады.

балық

тау

бұлт

ұлу

шөлді жер

бу

көбелек

адам

теңіз

атмосфера

+

+

Биосфера

+

+

+

+

Гидросфера

+

литосфера

+

+

Жұптық тексеру жүргізуге болады.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 69-жұмыс парағы. «Жердің төрт қабаты» 13-б. 70-жұмыс парағы. «Биосфера өкілдері», 14-б.

Рефлексия

«Идеялар себеті»

Оқушылар топпен ақылдасып, болашақта  ғаламшарды қорғауда қандай үлес қосатындары жайлы ортақ идеяларын жазып, «Идеялар себетіне» жабыстырады. Сабақ соңында оқушылар бір-бірінің идеяларын оқып танысады. Ұнаған идеяны белгілейді.

Қабілеті жоғары оқушыларға Жер қабықтары туралы өз ойларынан жұмбақтар кітапшасын құрастыруға тапсырма беруге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу