Өкпені шынықтыру. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Өкпені шынықтыру | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: адамның қалай дұрыс тыныс алу керектігін біледі; тыныс алу ағзаға оттектің түсуі мен көмірқышқыл газдың шығуын қамтамасыз ететін үдеріс екенін түсінеді. | ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | тыныс алу жиілігіне байланысты зерттеу жұмысына болжам жасайды, зерттеу жүргізеді, қорытындысын шығарады, жақсарту жолдарын анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | төзімділік және шыдамдылыққа баулу | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету.
| ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Қажетті құрал-жабдықтар: Лента, ұзын сызғыш немесе метрлі таспа, қалам, қағаз а) Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшеу. Нәтижені жазу. ә) Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жазу, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жазу. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыру.
Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасау және өз болжамын тексеру. 1. Болжам жасау. а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығына; ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне; б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне болжам жасау. Кестені толтыру. Одан кейін мұғалімнің басшылығымен уақытты белгілеп тыныс алуды санау а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығы; ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігі; б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігін есептеу және нәтижесін жазып, өз болжамымен салыстыру. Қорытынды шығару.
Зерттеуден соң сұрақтар қою:
Сен білесің бе? Марафоншылардың алысқа жүгіру әдісімен танысады. Қосымша ақпарат. Тыныс алу мүшелерінің көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу, жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін киіммен жүру барлығы да еркін, жайлы тыныс алуға, сол арқылы денсаулығымызды мығым етуге көмектеседі. Тыныс алуға арналған жаттығулар жасау. Жазылым. Оқушылар жеке жазу жұмысымен айналысады. Ойтолғау «Өкпені қалай шынықтыруға болады?» Жұмыс дәптері 39-жұмыс парағы (41 б.) | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: "Бес саусақ" әдісі. Балалар параққа алақандарын қойып, саусақтарын қаламмен айналдырып сызады. Содан соң әр саусақтың ішіне сабақ туралы сұрақтарға жауап жазады:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Тыныс алу мүшесін шынықтыруға арналған жаттығулар топтамасын жинақтау | Зерттеу жұмысына болжам жасау, зерттеу жүргізу, қорытынды шығару | Дене қозғалысын жасағанда сақ болу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?