Өкпені шынықтыру. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3-сынып Күні: Тақырыбы: Өкпені шынықтыру. | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; 3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау. | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды. | |||||||||
Бағалау критерийі | • Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды; • Тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды; • Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтайды. | |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Асқорыту жүйесі | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар
| ||||||||
Сабақтың басы 2 минут
4 минут | Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, «Менің ақ тілегім» ойыны бойынша бір-біріне тілек айтқызу. Оқушылар сабақ бойы тәжірибе жасайтыны ескеріледі. «Дұрыс тыныс алу» кіріспе тапсырмасы. Оқушылар сабақ барысында тыныс алу жүйесі жұмысының өзгерісі туралы білетін болады.
Талқыланатын сұрақтар:
| Шаттық шеңбері Слайд №1,2
Сұрақтар жазылған парақтар Слайд №3
| ||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 2 минут 4 минут 3 минут 5 минут 1 минут 2 минут 6 минут 4 минут 3 минут
| Оқушыларды топтарға біріктіру. Түрлі-түсті кеңістік фигуралары арқылы топтарға біріктіру. Сұрақ таңдаймыз. Оқушылар топтасып, тыныс алу жиілігін зерттеуге қажет сұрақты таңдайды.
Талқылауға және зерттеу сұрақтарын жазып алуға уақыт беріп, барлық топтың жауабтарын тыңдау ұсынылады. Болжам жасаймыз. Оқушылар тыныс алу жиілігіне не әсер ететіні туралы ойларын «Менің болжамым бойынша … осылай болады» деген үлгідегі тіркеспен бастауды ұсыну. Өз болжамдарын келесі тапсырмаларда қалай орын алатынын айту. Тыныс алу жылдамдығы. «Қызықты уақыт» ойыны арқылы 1 минут ішінде адам қанша рет тыныс алатынын санап көру. Оқушылар орындықта отырып, бір алақанын кеудесіне қойып, тыныс алады. Кеуде қуысының көтеріліп-түскенін сезіну арқылы қанша рет тыныс алғанын санайды. Зерттеу жұмысын жоспарлау. Оқушылардан зерттеу барысындағы өзгермелі/айнымалы шамаларды анықтауды сұрау. «Өзгермелі/айнымалы» деген ұғымды қалай түсінетінін нақтылау. Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Зертте. Оқушылар зерттеу жұмысын жұппен орындайды. Зерттеу жасау барысында оқушылар «Адамның тыныс алу жиілігі дене жаттығуларына байланысты ма?» деген сұрақтың жауабын таба алады. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық • Қажетті құралдар тізімін жасайды. «Мен тәжірибе жасауда мына құралдарды қолдандым …» • Отырған қалпында бір минутта қанша рет дем алғанын санайды. Ол үшін бір алақанын кеудесіне қойып, тыныс алады. Кеуде қуысының көтеріліп, төмен түскенін сезінуі қажет. Қанша рет тыныс алғанын санайды. Деректерді кестеге жазады. • 15 рет отырып-тұрады. (Тыныс алу ырғағына мән беру қажет: дем алғанда дене тіктеледі, дем шығарғанда отырады.) Бірден орындыққа отырып, қанша рет дем алатынын есептейді. (Қалыпты жағдайда 4-5 демге дейін жиілейді.) Деректерді кестеге енгізеді. Бес минут демалып, тыныс алуын қалыпқа келтіреді. • Жүктеме санын 25 ретке көбейтіп, тәжірибені қайталайды. • Қайтадан орындыққа отырып, тыныс алу санын санайды. Кестеге деректерді енгізеді. • Басқа жұптардың нәтижелерімен өз шығарған нәтижелерін салыстырады. Зерттеу барысында оқушылар дереккөздердің артықшылығы мен кемшілігін анықтап, физикалық белсенділік пен тыныс алу жиілігінің арасындағы байланысты, оның ерекшелігін түсіндіруді үйренеді. Жоғары ынталы оқушыларға: «Осы тәжірибені қайтадан жасайтын болсаңдар, қандай өзгерістер енгізер едіңдер? Нақтырақ нәтиже алу үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қою арқылы тапсырмалар ұсыну. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Нәтиже. «Менің сөзім» ойыны арқылы өлшем нәтижелерін жазып, өз ойларын айту. Нәтижені бірден жазып алу қажеттігіне көңіл бөліп, тәжірибеден кейінгі өзгерістерді және оның нәтижесін енгізудің ыңғайлы түрін топта талқылқылау. Зерттеу жұмысы бойынша тұжырым. Оқушыларға үлгіні қолдана отырып, тәжірибенің қорытынды есебін жазу. Оқушылардың жауапты толық жазуына мән беріп, олардан тәжірибе сапасын арттыру үшін қосымша қандай өзгерістер енгізетінін анықтау. Кестені диаграмма түрінде жазуды тапсыру. Тәжірибенің қорытынды есебінің үлгісі. Мен мына құралды қолданамын: … Зерттеу жүргізу арқылы мен … білгім келеді. Менің болжамым … … өзгерткен шаманы таңдаймын. Мен … өлшеймін. Тәжірибе нәтижесін кестеге жазамын. Бірінші тәжірибе … Екінші тәжірибе … Мен … деп қорытынды жасадым. Сен білесің бе? Марафоншылар алысқа жүгіруге мүмкіндік беретін арнайы тыныс ырғағын қалыптастырады. Олар әр екі қадам сайын демін ішке тартып, келесі екі қадам аттағанда демін сыртқа шығарады. Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 39-жұмыс парағы. «Өкпені қалай шынықтыруға болады?», 41-б. Жарыс. Бұл тапсырма білімдерін бекітуге, диаграмманы оқи алуға және ақпараттарды талдай білуге бағытталған (Жауабы: Бәрінен көп жаттығу жасаған – Диас, ол жиі дем алды. Диас – 38, Қанат – 35, Еркеш – 25 рет тыныс алды, бір ырғақпен отырып-тұрды. Ең шыдамды – Диас). Бағалау.
| Кеңістік фигуралары
Слайд № 5
Кесте, секундомер, зерттеушінің күнделігі
А4 пішімді парақ
Слайд №6
https://www.youtube.com/watch?v=Xn6Q73aB5XM
Дәптермен жұмыс | ||||||||
| Кері байланыс. Бағалау терезесіне оқушылар стикерлерді жабыстырады.
| Бағалау терезесі Слайд №7 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?