Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулық.

  •  Егістер, бау-бақшалар. Оқулықта берілген суреттерді сипаттап, «Микрофон» әдісі арқылы оқушылардан егісті, бау-бақшаны не үшін егетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беріп, егісті, бау-бақшаны не үшін егетінін, адамдардың шаруашылық әрекеттері өсімдіктерге қалай әсер ететінін талқылау.
  •  Пайда мен зиян. Әр жұптың алдына фабрика құбырының түтіні, зауыттың ағын сулары, көліктерден шығатын газ бейнеленген суреттер таратылып, оқушылардан олардың пайдасы мен зиянын талқылау.
  •  Орман. Газет шығару. Жер шарынадағы ормандар туралы білетіндерін ортаға салып, ойларын талқылау ұсынылады. Орманның адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы, сонымен қатар, адамдар ормандарды не үшін кесетінін талқылау. Орманды қалай қалпына келтіруге болатынын анықтап, орманды қолдан өсіруге болатынын ескере отырып газет шығару.
  •  Мұғалімнің түсіндіруі. Көптеген елде орман қорғауға алынған. Біздің еліміздегі ормандар да мемлекеттің қорғауында. Орман ғаламшарға қандай пайда келтіреді? Орманды сақтап қалу үшін адам не істей алады?
  •  Топқа бөлу. Оқушыларды геомертриялық фигуралар арқылы топқа біріктіру.
  •  Зертте. Сыныпты шағын топтарға бөлеміз. «Мына жерге ағаш, бұта, шөптерді отырғызса, не болар еді?» деген сұраққа жауап табу ұсынылады.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық .

 • «Бірлестіктердің қалыпты дамуына табиғи ортаның қандай жағдайлары кері әсер әсер етеді? Бұл жерге ағаш отырғызса, не болар еді? Оны қандай белгілерінен білуге болады?» – деген сұрақтарға жауап беру арқылы өсімдіктердің неге нашар өсетіні жайлы топ ішінде талқылау.

 • Ватманға суретті жапсыру.

 • Адамдардың қандай іс-әрекеттері бірлестіктер түрі мен өсімдік түрлерінің азаюына әсер етті? (Өсімдіктерді жою, жолдар мен фабрикалар салу, зиянды қалдықтарды тастау.)

 • Басқа да топтардың қорытындыларымен салыстыру.

  •  Бақша - әртүрлі ағаштар мен гүлдер, дәнді дақылдар егілген арнаулы жер, алаң. Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіріледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Бақша дақылдары өсірілетін жер бақшалық деп те аталады. Негізінен сулы жерлерде, өзен бойларында өрістейтін бақша өсіру кәсібімен отырықшы қазақтар ертеден айналысқан. XIX ғасырда қазақ даласы туралы жазған Л.Мейердің еңбегінде 1847 жылы Сыр қазақтарының бау-бақша өсіргендігі, әсіресе терек, тұт ағаштарынан басқа өрік, алқоры, жүзім тәрізді ағаштардың жақсы өсірілгендігі туралы айтылады.
  •  Қосымша ақпарат. Ботаникалық бақ – ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп, оны зерттейтін, ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме; ғылыми зерттеу және ғылыми мәдени өндірістік мекеме. Онда тірі өсімдіктердің колекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың басты мақсаты -жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау. Ботаникалық бақтардың көбінде дендрарий, альпинарийсу өсімдіктері мекендейтін тоғандар бар және пайдалы өсімдіктердің экспозициялары орналасқан.

 Ең алғашқы ботаникалық бақ XIV ғасырдың басында Италияда Маттео Сильватиконың (итал. Matteo Silvatico, лат. Matthaeus Silvaticus) ұйымдастыруымен Scuola medica salernitana мекемесінің жанында ашылыпты. 1333 жылы Венецияда медициналық және ботаникалық бақ ашылды. Осыдан бастап байыған итальян қалалары ботаникалық бақтарының көркімен бір-бірінен асып түсуге тырысты. XVI-XVII жылдары Феррар, Паду, Пиза, Болонье, Неаполь және Флоренцияда ботаникалық бақтар дамыды. Франциядағы ең алғашқы ботаникалық бақ Монпелье қаласында 1593 жылы ашылса, Ресейдегі ең алғашқы бақ 1714 жылы Санкт-Петербургта "Дәрілік егістік" атауымен Петр І-дің ұйымдастыруымен ашылды.

 Ботаникалық бақта тірі өсімдіктердің колекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың басты мақсаты жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау.

 Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау), Жезқазған ботаникалық бағы, Алтай ботаника бағы (Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас),Қарағанды ботаникалық бағы бар. Бұлардың алғашқы бесеуі Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына кіреді де, бір орталыққа бағынған Ботаникалық бақ жүйесін құрайды.

 Республиканың Ботаникалық бақтары дүние жүзіндегі 50-ден астам елмен әріптестік байланыс жасайды, халықаралық конгрестерге, симпозиум, конференцияларға қатысады.

 Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

 Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

 Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу