Жануарлар қалай дыбыстайды? Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Табиғат физикасы. Дыбыс

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жануарлар қалай дыбыстайды?

Оқу мақсаттары

2.5.3.1 - Дыбыс көздерін қаттылығы бойынша жіктеу.

Сабақ мақсаттары

Жануарлардың қандай дыбыс шығаратынын ажыратуды үйрету.

Бағалау критерийлері

Жануарлардың дыбыстарын ажыратады.

Тілдікмақсаттар

Қатты дыбыс, бәсең дыбыс.

 Миссия және пайымдау

Өз бетімен білім алу

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, АКТ сабақтарымен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өмірлік тәжірибелеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау.

Сабақ ортасы

30 минут

Оқушыларға бейнежазба көрсете, жануарлардың естілген дыбыстарын талдау, салып көру.

Сөздік жұмыс

Таралу -

Жануарлардың қандай дыбыс шығаратынын ажырату.

Өлеңдегі сөздерді қане, бейнелеп айтып көрейік:

– Шегіртке қалай шырылдайды?

– Жылан қалай ысылдайды?

– Шыбын қалай гүжілдейді?

– Мысық қалай мияулайды?

– Есек қалай ақырады?

https://www.youtube.com/watch?v=A4QDDjyvuZw

2.45-

Түйе боздайды.Жылқы кісінейді.Сиыр, қодас, бұғы мөңірейді.Қой, ешкі, арқар, киік, тауешкі маңырайды.Есек аңырайды.Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды.Түлкі, күшік шәуілдейді.Шошқа қорсылдайды.Арыстан, аю ақырады.Қасқыр ұлиды.Мысық мияулайды, пырылдайды.Тышқан, жарқанат шиқылдайды.Аққу сұңқылдайды.Қаз қаңқылдайды.Үйрек барқылдайды.Тырна тыраулайды.Қарға қарқылдайды.Торғай шырылдайды.Қарылғаш шықылдайды.Бұлбұл сайрайды.Тоты сөйлейді.Сауысқан шықылықтайды.Тауық қыт-қыттайды.Әтеш шақырады.

https://www.youtube.com/watch?v=1IkGH7uG0vY

Оқулықпен жұмыс

Табиғатта.Суретке назараудар.

Балалар не істеп жүр?

Қандай дыбыстар естілуде?

Бұл жерде қатты сөйлеуге бола ма?

Неліктен?

Сенің ойыңша, табиғат аясы қандай дыбыс көзі болып табылады?

Ойлан

Қандай жануарлардың дауысы қатты шығады?

Сергіту сәті

«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.Мақсаты: үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты:  үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр оқушы сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.

Зерттеу

Жануар дыбысының қаттылығы денесінің үлкен-кішілігіне байланысты бола ма?

Есте сақтау

Жануарлардың дыбысы табиғи дыбыс көзіне жатады.

Сен білесің бе?

Керіктер түрлі дыбыс шығара алады. Олар ысқырады, мөңірейді, сыбызғының үніне ұқсас да дыбыс шығарады.

Ойлан

Қандай жануарлардың дыбысы қатты шығады?

Қалыптастырушы бағалау

Жануарлар дыбыстарын табу

Қаңқылдайды-

Шаңқылдайды-

Үреді-

Ұлиды-

Шәуілдейді-

Сұңқылдайды-

http://dev-s.balatili.kz/uploads/html/c2ee42b9f26abeb4f95111151193e998/story_html5.html

https://deti-online.com/pesni/zvuki-prirody/penie-ptic-dlya-detey/

https://www.youtube.com/watch?v=1IkGH7uG0vY

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорыту.

Бүгін не үйрендік?

Кері байланыс

Бағдаршам әдісі арқылы.

Барлығы түсінікті

Сұрағым бар

Түсінбедім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

Топтық жұмыс барысында жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу