Жарық қай жерде қажет? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B бөлім: Жарық | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: 3. 03. 2016 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | |||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Жарықты қосу. Жарық қай жерде қажет? | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1 Жарық | |||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.8.1.2. Жарықтандыру үшін жасанды жарықты қолдану туралы білу 1.1.2.2 Көтерілген ғылыми сұрақтарға жауап табудың жолдарын (топ ішінде) ұсыну | |||||||
Жетістік критерийлері | Жарықтандыру мақсатында қолданылатын жасанды жарық көздерін біледі, оларды атай алады. | |||||||
Сөздік қор
| Жарық көздері, жасанды жарық, табиғи жарық, шамшырақ, қалта шам, шілдехана, наурыз көже. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Халықтық салт-дәстүрімізбен таныстыра отырып ,өз халқының дәстүрін,салтын құрметтей білуге баулу | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Сергіту стін өткізу барысында «Дене шынықтыру» пәнімен байланыс жүзеге асады. | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар жарық және қараңғы түсетінін ажырата біледі. Жарықтың кейбір қарапайым көздерін анықтай алады | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Сабақ басталмас бұрын оқушылардың жарық көздері тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында шам мен Ай жарығы жайлы мультфильмді көрсету (орыс тілінде болғандықтан, дыбысын өшіріп көрсетсе де, түсінікті болады). Мультфильмнен соң, оқушылардан қандай жарық көздерін көргендерін, неге шелекке салынған Ай үйге жеткенше жоқ болып кеткенін сұрастырып болған кейін ОМ қою. | Интернет-ресурс: | ||||||
Сабақтың ортасы
| (Т) Оқушыларға жан-жағына қарап, қандай жарық шығару көздерін көріп тұрғандарын атап беруді сұрау. Жұмысты топтық жұмыс ретінде өткізу. Бақылауларды салыстыру үшін талқылау ұйымдастыру. Жарық көздерін сипаттау кезінде, күн сәулесін өткізетін терезелердің үлкендігіне назар аударту. Оқушылар жарық көздерін атап, әрқайсысынан атқару қызметін түсіндіруді сұрау. Оның ішіндегі күн сәулесінің рөлін анықтауға назар аударту. Егер табиғи жарық көзі ғимаратты толығымен жарықтандыра алмаса, онда жасанды жарық көздерін пайдалану керек екенін айту. Сергіту сәті «Күн жарқырай ашылды» дегеннің мағынасын аша келе дене шынықтыру қимылдарын жасату: Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) (ЖЖ) Оқушыларды жұптастырып, әр жұпқа жарық көздері бейнеленген суреттер тарату (суреттер қосымша материалында берілген). Оларға жұпта келесі сауалдар бойынша талқылау жүргізуді сұрау: - Қандай жарық көзі бейнеленген? - Ол не үшін керек? (Ұ) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жұмбақ суреттерді шешуді ұсыну. Оқушыларға шешу тәсілдерін түсіндіру. «Буындар» сурет ретінде көрсетілгенін түсіндіру. Бірінші буындар конструктор ретінде біріктіріледі. Қал(ам) – та(уық) – ша(р) – М –қалта шам Ла(ма) – М – поч(тальон)- ка(тер) – лампочка Ша (на) – М – дал(а) – шамдал Ша (на) – М –шы(ны) – рақ – маяк Шамшырақ – артық Жасырылған жұмбақ арасындағы қазақ елінің салты мен дәстүрін білдіретін бейнелерге тоқталып, түсініктеме беру. Наурыз көже – жыл бойы елде болатын амандық пен молшылықты білдіретін «Наурыз» мерекесінің дәстүрлі тағамы. «Шілдехана» - өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Сол күні сәбидің есімін қояды. Жаңа есімді құлағына үш рет атап қайталайды. Қонақтар ата-анасын құттықтап, жас сәбиге ұзақ өмір тілеп, игі тілектер айтады. Дастарқан басында ән салып, домбыра шертіп, жаңа туған сәбидің қызығына шын көңілдерімен шаттанады. | Жарық көздері бейнеленген суреттер | ||||||
Сабақтың соңы | (Ө) Оқушылармен кері байланысты орнату үшін дәптердегі «Суреттегі шеңберді боя» тапсырмасын орындауды сұрау. Оқушыларға жасанды жарық көздерінің қандай түрін мектепте, үйде және мектепте де, үйде де қолданылатындығын білуіне мүмкіндік беру. Оқушылардың жұмыстарын қадағалай отырып, қай оқушының өздігінен және қатесіз орындағанын түртіп алу. Қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету. | Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?