Құқықтың негізгі белгілері мен функциялары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Құқық функциясы – құқықтың әлеуметтік міндетіне негізделген қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал етудің бағыттары. Ғылымда «функция» термині түрлі мағыналарда қолданылады. Мысалы, математикада функция тәуелді айнымалы шама, яғни аргумент деп аталатын басқа шаманың өзгеру көлеміне байланысты өзгеретін шама болып саналады. Биологияда – бұл орган және организмнің (қол, қалқанша без және т.б. функциясы) ерекше қызметі. Басқа ғылымдарда функция – бұл қандай да бір жүйе әрекетінің бағыты (мысалы, кибернетика). Осылайша, «функция» терминінің мағынасы көп. Ол кез келген динамикалық құрылымдарды сипаттауға қолайлы, бұл осы термин қолданылатын математика, биология, әлеуметтану, құқықтану ғылымдарының танымдық міндеттері спецификасымен негізделеді. Алайда, көп жағдайларда функция жүйенің (құрылымның, біртұтастың) сыртқы ортаның белгілі бір тараптарына іріктеуші, бағытталған ықпалымен байланысты. «Құқық функциялары» түсінігі аясындағы 1 ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, «құқық функциясы» түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы 2 тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.

Құқық функцияларын 2 топқа бөледі.

Жеке алғанда, жалпыәлеуметтік функцияларға:

а) экономикалық функция – мысалы, азаматтық-құқықтық келісімшарттар материалдық игіліктердің орнын ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді;

ә) саяси функция – құқық саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді;

б) коммуникативті функция – құқықтың көмегімен басқару объектілерінің арасындағы байланыс қамтамасыз етіледі;

в) экологиялық функция.

Арнайы-заңи функциялар:

а) регулятивті – түрлі жағдайларда адамдардың өзін-өзі ұстау ережелерін анықтау арқылы қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

ә) қорғаушы – арнайы қорғаушы нормаларды қолдану жолымен іске асатын аса елеулі қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған функция;

б)бағалаушы – құқықтың кімде-кімнің әрекеттерінің заңды немесе заңсыздығын анықтау барысында өлшем ретінде қызмет етуі;

в)тәрбиелік функция – құқық белгілі бір идеологияны айқындайды, адамдардың мінез-құлқына әсер етеді.

 Қоғамдық – саяси және заң баспасөздерінің беттерінде қазіргі күні ең өзекті және ауқымды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық және жеке өмірдегі мораль мен құқықтың бірлігі, айырмашылықтары тақырыптары танылады. Және бұл кездей емес: құқық және мораль - мінезі нақты-тарихи жағдайлармен және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымымен анықталатын әркезде біртұтас әрекет ететін адами мәдениеттің басты элементтері болып табылады.

Мораль – адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.

Құқық – әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі.

Сонымен, құқық – саяси-заңды құбылыс қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-ізгілік құбылыс болып табылады. Азаматтық қоғамның құқықтық өмірі адамгершілік, ақиқат, ұят пен ар-ождан, жақсылық, адамгершілік қасиеттір, еркіндік пен жауапкершілікті мораль категорияларынсыз дами алмайды.

Құқық пен моральдың қатынастары – көріністердің әр түрлілігімен: біріншіден, бірлілігі мен тұтастығы; екіншіден, айырмашылық; үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?