Құқықтың негізгі белгілері мен функциялары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Құқықтың түсінігі, мəні, қағидалары жəне функциялары

1-топ

Құқық мораль, өнеге, дін нормалары тұрғысынан адамның мінез-құлқының бостандығы түрінде көрінеді. Мұнда адам əдет-ғұрып, мораль негізінде оның ресми құқыққа сай келе ме, жоқ па, оған қарамастан іс-əрекет жасау мүмкіншілігі құқығына ие болады. Бұл жерде құқық заңмен жəне мемлекетпен байланыста болмайды, тікелей қоғам арқылы қамтамасыз етіліп, қорғалады. Бұл құқықтың жалпы əлеуметтік мағынасын ашады. Құқық мемлекетпен қабылданатын жəне қорғалатын, жалпыға ортақ нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар адамның жүріс тұрысы мен мінез-құлқы ережелерінен тұрады. Ол ережелер рұқсат ететін жəне тиым салатын нормаларды қамтиды. Құқық заң, түрлі қаулылар мен жарлықтар түрінде болады. Бұл құқықтың заңды мағынасын ашады. Құқық мемлекет секілді қоғам дамуының нəтижесі болып табылады. Заң тұрғысынан құқық мемлекетпен ұйымдастырылған қоғамда барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік реттеуші болып танылады. Құқық қоғамның мемлекеттік еркін білдіреді. Құқық бір топ не таптың ғана мүддесін емес, керісінше барлық қоғамның мүддесін қорғауға бағытталған. Құқық мемлекетпен белгіленеді жəне қорғалады. Сонымен, құқық – бүкіл қоғамның еркін білдіретін, мемлекетпен белгіленетін жəне қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға бірдей міндетті, формальді анықталған заң нормаларының жүйесі болып табылады. Құқықтың мынадай белгілері бар:

1) құқықтың еріктік сипаты – құқық адамдардың саналы, ерікті қызмет етуінің нəтижесі. Бірақ кез келген ерік құқық бола бермейді, тек мемлекеттен жəне қоғамның көптеген мүшелерінен туындайтын ерік қана құқық бола бастайды.

2) құқықтың жалпыға бірдей міндеттілігі – құқық барлығына, барлық азаматтарға, лауазым иелеріне, мемлекеттік органдарға жəне қоғамдық ұйымдарға бірдей міндетті болып табылады.

3) құқықтың мемлекетпен тығыз байланыста болуы – құқық мемлекетсіз, ал мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды. Құқық мемлекетпен қабылданады жəне қорғалады. Құқықты қолданатын мемлекет жəне ол құқық арқылы жазалау шараларын қолданады.

4) құқықтың нормативтілігі – құқық заң нормаларынан тұрады жəне ол барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, ал заң нормаларында жүріс-тұрыс жəне мінез-құлық ережелері орналасқан.

5) құқықтың жүйелілігі – заң нормалары бірі-бірінсіз қызмет ете алмайтындай бір жүйеге келтірілген жəне бірі-бірімен тығыз байланыста болады.

6) құқықтың формальді анықтылығы – заң нормалары қатаң белгіленген жəне ресми нысанда бекітілген болады. Олар заңдарда, жарлықтарда жəне өзге де құқықтық актілерде көрініс табады. Құқықтың түпкілікті заңдылықтарын білдіретін қасиеттерін білу үшін құқықтың мəнін ашу қажет. Қай заманда болсын əрбір құқық əрқашанда реттеуші құрал болатыны жəне ол кімнің мүддесін қорғайтыны маңызды мəселе болып қала береді.

Тапсырма-1 /Құқық белгілерін талдап, ҚР конституциясынан нақты мысал келтіріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?