Бала құқығы. Құқық негіздері, 9 сынып, презентация.


Тақырып: Бала құқығы қалай қорғалады?

Сабақтың мақсаты:

Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау

Жетістік критерийлері:

Конвенцияны біледі

Конвенцияның баптарына сүйеніп, жағдаятты талдайды

Жағдаят

Жағдаятты конвенция баптарына сүйеніп шешімін жаз және төмендегі сұраққа қысқаша жауап бер

К есімді 15 жасар баланың нағашы атасы ауырып қалады, бала сүйікті атасының көңілін тауып, рух беру үшін ата-анасынан өз ата-тегін атасының атына көшіруін сұрайды. Атасының ұл балалары болмағандықтан, жиенінің бұл әрекетіне өте қатты сүйсінеді. Бірақ К есімді баланың ата-анасы жұмыс басты адам болып, үнемі жұмыстан кеш келетін.

Сондықтан олар балаға ата-тек ауыстырудың оңай емес екендігін, көптеген қағаздар толтыру керектігін айтып, күнде ертеңгі күнге қалдыра береді. Бала ашуланып, сотқа өз ата-тегін ауыстыру туралы шағым жазады. Сот ата-анасының рұқсатынсыз баланың ата-тегін ауыстырмайтынын және бала кәмелетке толмағандықтан, өз атынан өтініш жаза алмайтынын айтып, баланың өтінішін қабылдаудан бас тартады.

Диалогқа\жазылым:

Бала құқығын отбасында және қоғамда сақтау маңызды, себебі ...

Эссе:

«Мен бақытты баламын”

Рефлексия:

Қандай қиыншылықтар болды?

Ұнаған тапсырма.

Қиындық тудырған тапсырма.

Жағдаятты конвенция баптарына сүйене отырып, шеш

З есімді баланың ата-аналары үнемі ұрсысатын. Әкесі бала тәрбиесіне мүлдем қатыспайтын. Ал анасы баланың тәрбиесі әкесінің міндеті болатынын айтып, баланың әкесіне шағымданатын.

Бала үнемі әкесі мен шешесінің ұрыс-керісін еститін. Баланың әкесі қаржыны негізінен адамдарды қорқыту, күш көрсету, тартып алу жолымен табатын.

Ерлі-зайыптылар заңды некеде 5 жыл бірге тұрады, З есімді балаға 3 жас толғанда, оның әкесін полиция қызметкерлері тұтқындайды. Әкесіне 6 жыл бас бостандығынан айырады.

Әйелі ажырасу туралы сотқа шағым жазады, әкесі ажыраспайтынын және баласын бермейтінін айтып, наразылылық танытады.

Сот қандай шешім қабылдауы мүмкін?

Жағдаятты конвенция баптарына сүйене отырып, шеш

Ж есімді азамат әйелімен ажырасады. Ұлын өз қолында алып қалады. Артынан ол ішімдікке салынып, ұлына ақша табуды сұрайды. Баласы сабаққа барып келгеннен кейін, газет сатып, кейде түңгі ауысымда официант болып жұмыс жасайтын.

Көршілері оның 13 жаста болса да, әкесінің орнына үй ақысын төлеп, беске оқитынына таң қалатын. Жоғары сынып кезеңінде ол сабақтарды көп босататын болды, сондықтан мектептің оқу ісінің меңгерушісі әкесіне баланың сабаққа келуін қамтамасы етуін талап етеді.

// Қалай ойлайсыз, оқу ісінің меңгерушісі қорғаншылық ұйымына шағым түсірген жағдайда, ұйым қандай шешім қабылдайды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?