Еңбек даулары қалай шешіледі? Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

Тапсырма: Берілген мәтінді оқып, берілген 1- 4 тапсырманың өздерін қалаған кез-келген біреуін таңдап орындаңдар

1-тапсырма:

  • мәтіннің мазмұнын 5 сөйлем арқылы түсіндіріңдер;

2-тапсырма:

  • мәтіннен кем дегенде 5 кілт сөзді анықтаңдар;

3-тапсырма:

  • мәтін бойынша 5 қате сөйлем құрастырыңдар, себебі келесі топ немесе жұп қатесін табуы қажет;

4-тапсырма:

  • мәтін бойынша 3 қарапайым және 3 күрделі сұрақтар құрастырыңдар;

Еңбек дауларын қарау

 Еңбек дауының ұжымдық және жеке сияқты екі түрі бар. Жеке еңбек дауы - қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы зандарды қолдану мәселелері жөніндегі, жұмыс беруші (жұмыс беруші өкілі) мен қызметкер (қызметкер өкілі) арасында бұрын реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктер.

 Еңбек даулары екі сатыда - тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін. Келісім комиссиясы тараптардын бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды. Келісім комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім комиссиясы өз кұрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.

 Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзімде қарайды. Оны қарау нәтижелері бойынша келісім комиссиясының шешімі қабылданып, арыз берушіге беріледі. Келісім комиссиясының арыз берушінің талабын қанағаттандырған шешімін қарсы тарап үш күн мерзімде орындайды. Егер де қызметкер келісім комиссиясының шешімімен келіспесе үш айдың ішінде еңбек дауы бойынша сотқа арыздануға құқығы бар.

 Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген жағдайда олар мемлекет кірісіне сот шығындарын(мемлекеттік баж бен істің қаралуына байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады. Егер осы талап бойынша моральдық шығынды өндіру туралы талап қойылса, онда мүлік дауы емес бойынша алынатын мемлекеттік алым төленуі қажет.

 Соттылық бойынша еңбек даулары жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қойылады. Егер талапкердің дауы филиальдың қызметімен байланысты болса заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша қоға құқылы.

 Соттылықты анықтаған кезде талапкерлер көббінесе АІЖК-ң 32 бабы 8 тармағына сілтеме жасап, өздерінің тұратын жері бойынша береді. Мұндай талаптар соттылық бойынша жауапкердің тұратын жері бойынша қайтарылуға жатады.

 Себебі 32 баптың 8 тармағында көрсетілген, жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін.

 Үстеме жұмысқа ақы өндіру туралы талаптар көбінесе қанағаттандырусыз қалдырылады, себебі үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі және ол жөнінде жұмыс берушінің арнайы бұйрығы шығарылуы қажет, Сот тәжірибесіне қарағанда талаптар өздерінің үстеме жұмысқа шықтым деп демалыс күндері істеген күндерін және кешкі сағат 8-9 ға дейін жұмыс істеген мерзімдерге ақы өндіруді талаптанады. Жоғарыда аталып өткендей үстеме жұмысқа тек жұмысшының келісімен тартылады делінен. Сондықтан жұмысшы келіспесе жұмысқа шықпауға құқы бар, яғни ол өз еркімен жұмыс күндері берілген тапсырмаларды орындап үлгере алмағандықтан өз тарапынан шыққан деген тұжырыммен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылады. Яғни талапкер тарапынан үстеме жұмысқа тартылғаны жөнінде дәлелдемелерді тапсыру қиындыққа соғады. Сонымен еңбек даулары бойынша да талаптану мерзімі қолданылады. Еңбек кодексінің баптарына сәйкес Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

 1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай;

 2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығыныңбұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл. Бұл талаптану мерзімі тек қана тараптарың талабы бойынша ғана қолданылады.

 Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Бияхметова Б.Д.

19 маусым 2018 жыл



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді