Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 11 сынып

Бөлім: Табиғат және адам

Сабақтың тақырыбы

Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Оқу мақсаттары

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;

 Сабақтың мақсаты

Шығарманың сюжетіне талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді.

 Бағалау критерийлері

Шығарманың мазмұны арқылы композициялық құрылымына талдау жасайды;

Жанрлық ерекшелігін түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

 Пәнаралық байланыс

Жануартану

 Алдыңғы білім

Қ.Мырзалиев шығармашылығы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау, топқа бөлу)

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

4 минут

ІІ.Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=ZTFua9qxzp8

Қ. Мырзалиев шығармашылығы туралы бейнематериал көрсетіледі.

Мақсат қою

3 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.

Жаңа материалды игеру

3 минут

17+8 минут

5 минут

ІІІ. Мағынаны тану

  • Қызыл кітап деген не?
  • Қызыл кітапқа енген қандай аң-құстарды білесіздер?

Оқушылар пікірін тыңдап, мұғалім сұрақтардың жауабын толықтырады.

https://www.youtube.com/watch?v=KGpJoBQZnH4

Үйге оқуға берілген шығарманың композициялық құрылымына талдау жасалады.

Оқиғаның басталуы:

Тартып алған аңдардың бір киерін,

Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.

Оқиғаның дамуы:

Тегі құрып,

Тігерге тұяқ қалмай,

Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!

Оқиғаның шиеленісуі:

Кінəліміз жасымыз,

Кəріміз де:

Зауал болар аңдардың зары бізге.

Оқиғаның шарықтау шегі:

Кетем іштей тітіреп,

Түршігіп те:

Дүниені төңкерер бір шүріппе!

Жоқтай-тұғын бүгінде хайуанат көп,

Ойланатын нəрсе көп тіршілікте!

Оқиғаның шешімі:

Қызыл кітап –

Опат боп кеткен аңның,

Бастарына қойылған қызыл күмбез.

Топтық тапсырма

Оқушылар топта осы бөлімдерді талқылайды. Көтерілген мәселені анықтап, өмірмен байланыстырады.

І топ

Тартып алған аңдардың бір киерін,

Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.

ІІ топ

Тегі құрып,

Тігерге тұяқ қалмай,

Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!

ІІІ топ

Кінəліміз жасымыз,

Кəріміз де:

Зауал болар аңдардың зары бізге.

ІV топ

Кетем іштей тітіреп,

Түршігіп те:

Дүниені төңкерер бір шүріппе!

Жоқтай-тұғын бүгінде хайуанат көп,

Ойланатын нəрсе көп тіршілікте!

V топ

Қызыл кітап –

Опат боп кеткен аңның,

Бастарына қойылған қызыл күмбез.

Бағалау

Топтар өзара бір-бірін бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

Шығарма сюжетіне құрылымдық талдау жасайды.

Шығарманың мазмұны бойынша эпизодтарды талдайды;

2- тапсырма Жеке тапсырма

Оқушылар топтық талдаудан кейін жеке отырып, кестені толтырады.

Шығарманың әдеби тегі

Шығарманың формасы

Көлемі

Бағалау дескрипторы:

Шығарманың әдеби тегін анықтайды;

Формасын ажыратады;

Көлеміне қарай жанрлық ерекшелігін түсінеді.

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Ойтолғаныс

Шығармадағы автордың айтайын деген ойы?

Шығармада кездескен оқиғалар қазіргі қоғамда кездесе ме?

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«3Қ»

Мен үшін қызық ....

Мен үшін қажет....

Мен үшін қиын ....

Үй тапсырмасы

Ұнаған бөлімнен үзінді жаттау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу