Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 11 сынып

Бөлім: Табиғат және адам

Сабақтың тақырыбы

Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Оқу мақсаттары

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;

 Сабақтың мақсаты

Шығарманың ерекшелігін ажыратып,

өзге жанрлармен салыстырады.

 Бағалау критерийлері

Жанрлық ерекшелікті анықтайды;

Шығарманы өзге жанрлармен салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

 Пәнаралық байланыс

Жануартану

 Алдыңғы білім

Қ.Мырзалиев шығармашылығы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау, топқа бөлу)

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

4 минут

ІІ.Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=ODEC3d6AM-E&t=6s

Мақсат қою

3 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.

Жаңа материалды игеру

3 минут

10 минут

8 минут

7 минут

5 минут

ІІІ. Мағынаны тану

Мына қыры қазақтың,

Ана қыры

Қызыл қырман бүгінде,

Қала бірі.

Қайда кетті,

Кім маған айтады енді

Атыраудың құланы

Онагры?!

Жер айтады осылай,

Күн айтады,

Күн айтады,

Көңілді мұңайтады.

Ақтөбеде бір кезде піл болғанын

Кім біледі бүгінде?

Кім айтады?!

  • Расында бір кездері біздің елімізде де табиғаттың ерекше сұлу жануарлары болған дегенге сенуге бола ма?
  • Неге олар қазір жоқ?

1-тапсырма.Ж/ЖЖ

Берілген шығарманы мазмұны ұқсас шығармамен салыстырыңыз.

Оқушыларға Юрий Развадовскийдің «Красная книга» өлеңі беріледі. Айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратады.

 "Красная книга" для редких растений, "Красная книга" для редких животных. Всем, кому в жизни грозит истребленье, Дарит спасенье запрет на охоту. В "Красную книгу" - лохнесское диво, В "Красную книгу" - енотов и тигров! "Красная книга" ко всем справедлива, Всех малочисленных - в "Красную книгу"! Эх, если б веско решило ЮНЕСКО Книгу людскую открыть по закону. В ней поместило б людей интересных, В ней сохранило б людей увлеченных!

2. Екі шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады.

Поэма

Өлең

жанры

жанры

Тақырыбы

Тақырыбы

Идеясы

Идеясы

Формасы

Формасы

Автор қолданысы

Автор қолданысы

3. Шығармаларға SWOTталдау жасайды.

Мысалы; өлеңнің күшті жақтары:

Қоғам шындығы анық жазылған.

Өлеңнің формасына сай жазылған: буын,бунақ, ұйқас т.б

Бағалау дескрипторы:

Шығарманың жанрын анықтайды;

Туындының жанрлық ерекшелігін талдайды;

Тақырыбын, идеясын ажыратады;

Автор қолданысын түсінеді.

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Ойтолғаныс

Біз тек жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоршаған ортаны - өзендерді, көлдерді, ормандарды да қорғаймыз. Судың таза болуының қамын жасаймыз - оны өзіміз ішеміз ғой. Ауаның таза болу қамын ойлаймыз - онымен өзіміз тыныстаймыз ғой. Бізде табиғатты қорғау туралы заң бар, оны бұзуға ешкімге рұқсат жоқ.

Құс ұясын алыстан бақылайсың ба - құп. Ал оларға тиюге, тіпті жақындауға - рұқсат жоқ!

Құмырсқаның илеуін бақылайсың ба - құп! Ал оны талқандауға - рұқсат жоқ! Құмырсқалардың орманға тигізетін пайдасы зор: олар ағаштар үшін зиянды жәндіктердің ұрықтарын жояды.

Шығармалардағы көтерілген мәселе бойынша оқушылар ойларын «ПОПС» арқылы тұжырымдайды.

П – (ұстаным) позиция;

Т – түсіндіру (дәлелдеу);

Ф – мысал (факті);

П – пікір.

Сабақтың соңы

Кері байланыс «3-2-1»

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үй тапсырмасы

Жойылып кету қауіпі бар жануарлар туралы мәлімет жинақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу