Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 6 сабақ.


«Сәлемдесу» ойыны

Шеңбер бойымен жылжу арқылы сәлемдесу ойынын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен сәлемдесеміз.

«Ғасырлық туынды»

Мұхтар Әуезовтің

«Абай жолы»

роман-эпопеясы

Оқу мақсаты:

11.3.1.1 шығарманы әдем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Cабақ мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларындағы басты кейіпкерлердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын мәселелерді салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Бағалау критерийлері:

Сұрақ: Т/С

«Абай жолы» романын әлем әдебиетінің қандай шығармаларымен салыстыруға болады?

Сіздер қай шығармамен салыстырар едіңіздер?

«Кейіпкерді тап» ойыны

Көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып , оқиға ретін еске түсіріп жазыңыз. Тобыңызға оқып беріңіз.

3+4 минут

Тапсырма 28 мин.

«Аргументтеу моделі» әдісі

ЖЖ

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын немесе И.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романындағы басты кейіпкерлердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын мәселелерді анықтаңыздар, салдарын талдаңыздар, өзіндік қорытынды жасаңыздар. «Аргументтеу моделі» сызбасын қолданыңыздар. Екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын шығарып, салыстырыңыздар.

Екі шығармадағы кейіпкер ұстанымдары мен өмір сүру салты, өмір сүру кезеңдерін, автордың қолданған көркемдік тәсілдерін негізге ала отырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалап, 5-6 сөйлемнен тұратын өзіндік қорытынды жасаңыздар.

Аргументтеу моделі

Дескриптор:

салыстыру үшін екі романның бірін таңдап алады;

екі шығармадағы екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтаңыз;

екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 2 дәлел келтіріңіздер.

анықталған дәлелдерге сүйене отырып, мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдаңыздар;

екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын анықтап, оларды салыстырады;

мәселелерге қатысты анықталған дәлелдер, салдарлар негізінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға бере отырып, оқырман ретінде 5-6 сөйлемнен тұратын жинақы тұжырым жазады.

Қосымша дерек:

Лев Толстой. «Соғыс пен бейбітшілік» Орыс және әлем әдебиеті қазынасынан ойып тұрып орын алған «Соғыс пен бейбітшілік» эпопеясы (1863-69) Толстойдың ең ірі шығармаларының бірі боп есептеледі. Кейбір сыншылардың автор бұл шығармасымен өз дәуірінде орын алған қиындықтардан қашты деп есептесе де, жазушы «Соғыс пен бейбітшілік» арқылы өз заманындағы өзі қатысқан оқиғаларды жан-жақты суреттеп бере алды. Ең негізгісі, автор бұл шығармасымен Наполенның 1805-07, 1812-14 жылдардағы жорығын негізге ала отырып, көптеген кейіпкер қатысқан, ірі оқиғалармен бірге кейіпкерлердің ішкі психологиясы шебер үйлескен тарихи-роман жанрына жол салды. Аталған шығармада 550-ден аса кейіпкер бар, олардың 200-ден артығы тарих болған адамдар. Роман-эпопея 1913-2016 жылдар аралығында 11 рет экранға жол алған.

Өзге 2 жұпқа барып жұмысын қорғап, 2 жұпты тыңдап, бағалау

Кері байланыс:

Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

Қайсысы қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Рефлексия

«Менің көңіл күйім және оның себебі»

Үйге тапсырма:

Роман-эпопеяның «Өрде», «Қияда» бөлімдерін оқыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу