М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әдебиеттегі сын-сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1. Көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.

 Сабақ мақсаты

Көркем шығарманың жаңашылдығын талдау, ғаламдық тақырыптармен байланыстыру, сыни тұрғыдан баға беру.

 Бағалау критерийлері

Көркем шығарманың жаңашылдығын талдайды;

Ғаламдық тақырыптармен байланыстырады;

Сыни тұрғыдан баға береді.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды төрт топқа бөлу.

Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

15 минут

1-тапсырма.

Жазылымалды тапсырма

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

1.Ойлан: «Заман. Дәуір. Тұлға» тақырыбында өз идеяларын айтады.

2. Бірік: Өз идеяларын біріктіреді.

3. Бөліс: Идеяларын талқылайды.

Жазылым тапсырмасы

«Құрастыр және жауап бер»

Оқушыларға «Көшбасшы» поэмасының «Әлем және Қазақстан» бөлімі таратылады. Сынып оқушылары алдымен бөлімді оқиды, оқығаннан кейін шығарманың жаңашылдығын талдайды, ғаламдық тақырыптармен байланыстырады, сыни тұрғыдан баға береді. Оқушылар оқылым, тыңдалым негізінде бірнеше идеяны қағаз бетіне түсіреді. Жазған идеяларын тобымен бөліседі де, идеялары бойынша «Заман, дәуір, тұлға»» тақырыбында тезис құрастырып жазады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша оқушылар «Көшбасшы» поэмасын топта талдайды. Поэманы «Заман. Дәуір. Тұлға» тақырыбымен байланыстырып, өз көзқарастарын білдіреді. Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

Дескрипторлар:

  • Шығарманың жаңашылдығын талдайды;
  • Ғаламдық тақырыптармен байланыстырады;
  • Сыни тұрғыдан баға береді.

2-тапсырма.

Тілдік норманың шарттарын естеріне түсіргеннен кейін оқушылар поэманың «Рух» бөлімін оқып шығады. «Рух» сөзінің этимологиясын талдайды. Төмендегі сұрақтарға жауап іздей отырып әдеби тіл нормаларының сақталуы жайлы тұжырым жасайды:

1. Автор поэманың аталған бөлімінде оқырманға нені жеткізгісі келді?

2. Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?

3. Үзіндімен жұмыс кестесі

Поэмадан үзінді

Мағынасы

Бағзыда көкке ұлыған көкбөрi едiм

Анасы аян берген ақ мылтықтай

Жоталы қызыл ала жолбарыстай,

Кешегi Қарасайдан жеткен Рух!

Дескрипторлар:

  • Автор позициясын анықтайды;
  • Берілген үзінділердің мағынасын ашады.

Сабақтың соңы

2 минут

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу