Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы . Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : №2І нұсқа)

Мектеп:

Күні : 2020 ж.

Мұғалім: Нурмуханова А.Е.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Оқапта» тарауы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаты:

«Оқапта» тарауынан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыста орынды қолдану.

Бағалау критерийі:

Шығармадағы үзіндінің мәнін түсінеді.

Үзіндіні шығармашылық жұмыста орынды қолданады.

Дескрипторлар:

Үзіндінің мазмұнын дұрыс жеткізеді.

Шығармадағы әр детальді бейнелейді.

Сурет эстетикалық талғамға сай.

Суретті бейнелеуде шығармашылық танытады.

Құндылықтарды игерту:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Дала, отан тақырыбы негізінде Қазақстан тарихы және қазақ тілі пәндерінде алған білімдерін оқушылар еркін қолдана алады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, ноутбуктер

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Келіс, уез, начальник, рубасы, болыс, ауылбасы, молда, медресе.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар өткен тарауларды еске түсіре отырып, тақырыппен байланысты тарауларды анықтайды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту. Оқушылар суреттер бойынша 5 топқа бөлінеді, тақырыпты болжайды. Ой шақыру сұрақтарына жауап береді.

Топқа бөлу суреттері:

Тапсырма: суретке қарап тақырыпты болжаңыз. СЖ.

Ой шақыру сұрақтары:

  • Суретте не бейнеленген?
  • Қалай ойлайсыз, бұл суреттің сабағымызбен қандай байланысы бар?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен жұмыс алгоритмімен таныстыру.

Интербелсенді тақта, тақтадағы суреттер

Сабақтың ортасы

20 минут

 10 минут

Мағынаны тану кезеңі. Оқушылар «Оқапта» тарауы бойынша шығармашылық тапсырма орындайды. ТЖ.

1-топ

Тапсырма: Берілген үзіндідегі сал-серілердің бейнесін сурет арқылы ұсыныңыз.

  • Уа, Салдар келеді!
  • Мынау не деген сән?
  • Жаным-ау, өздері қалай киінген?
  • Ана біреу, сал ағасы. Бәрінің қолында үкілі домбыра. Мынау бір елден ерек жүріс екен.
  • Жүрсең, осылай жүр. Сал-сері деген топ осы да!

Арада балалар да қызығып, тамаша ғып, күле айқайлайды:

  • Бөріктері сәукеледей!
  • Шалбарын қара, шалбарын!
  • Балағы қатынның көйлегіндей шұбатылып жүр.
  • Бұзаулаған сиырдың шуындай шұбатылады және біреусінікі.
  • Бөтен емес, бәрін бастап жүрген өзіміздің Әмір көрінеді! – деді.

Дескриптор:

Үзіндінің мазмұнын дұрыс жеткізеді.

Шығармадағы әр детальді бейнелейді.

Сурет эстетикалық талғамға сай.

Суретті бейнелеуде шығармашылық танытады.

2-топ

Тапсырма: Абай достарымен аңға шығып, жолдан адасып кетуіндегі сәтті бейнелеңіз.

Дескриптор:

Үзіндінің мазмұнын дұрыс жеткізеді.

Шығармадағы әр детальді бейнелейді.

Сурет эстетикалық талғамға сай.

Суретті бейнелеуде шығармашылық танытады.

3-топ

Тапсырма: Абайдың Найман ауылындағы ғашығы Тоғжанды көрген сәтті бейнелеңіз.

Дескриптор:

Үзіндінің мазмұнын дұрыс жеткізеді.

Шығармадағы әр детальді бейнелейді.

Сурет эстетикалық талғамға сай.

Суретті бейнелеуде шығармашылық танытады.

4-топ

Тапсырма: Құнанбайдың Абай мен Әмірге теріс бата беруінің себебі неде? Сұраққа жауапты сурет түрінде ұсыныңыз.

Дескриптор:

Үзіндінің мазмұнын дұрыс жеткізеді.

Шығармадағы әр детальді бейнелейді.

Сурет эстетикалық талғамға сай.

Суретті бейнелеуде шығармашылық танытады.

5-топ

Тапсырма: Үмітейге құда түскендегі Абай, Әйгерім, Ербол үшеуінің алғаш кездесуінде болған оқиғаларды сурет түрінде ұсыныңыз.

Дескриптор:

Үзіндінің мазмұнын дұрыс жеткізеді.

Шығармадағы әр детальді бейнелейді.

Сурет эстетикалық талғамға сай.

Суретті бейнелеуде шығармашылық танытады.

«Галереяда ой шарлау». Оқушылар топтық жұмыстарын сыныптың әр бұрышына іледі. Оқушыларға стикер таратылады. Стикерге әр оқушы бағалау критерийлері мен дескриптор бойынша пікір жазады.

Кері байланыс. Мұғалім оқушылардың жазған пікірлерін оқып, тапсырмаға шолу жасап, қорытындылайды.

Интербелсенді тақта

Интербелсенді тақта, таратпа қағазы, А3 форматтағы қағаз

Стикерлер

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия

1.Сәтті шыққаны ....

2.Келесі қадамда нені ескеру керек?

Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.

Интербелсенді тақта

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу