Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қалаасы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Ғасырлық туынды.

Мухтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Сабақтың тақырыбы

Ата салтым – асыл қазынам

Мухтар Әуезов «Абай жолы»

Оқыту мақсаттары

 

11.1.5.1 шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Сабақтың мақсаты

Шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін тадай отырып,тұжырым шығарады

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін тадайды;
  • Тұжырым шығарады.

 Тілдік дағдылар

Жылулық, өнеге, тәрбие көзі, парасаттылық, даналық

 Құндылықтарды дарыту

  • Құрметтеу: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
  • Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, қоғам

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Бастапқы білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі ЖЖ

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін талқылайды.

  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді.

Сабақтың ортасы

 

7 мин

 

 

10 мин

15 мин

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Құдалық адам өмірінің қай кезеңінде жүзеге асатын дәстүр?

Құда түсудің қандай түрлерін білесіңдер?

Бел құда мен бесік құданың бір-бірінен айырмашылығы бар ма?

«Қыз айттыру» салты туралы не білесіз?

«Абай жолы» романында осы дәстүр көрініс тапқан ба?

Автор құдалық дәстүрін қай кейіпкерді сомдауда ұтымды сипаттаған?

2- тапсырма

Оқушылар«Абай жолы» романының «Өрде» тарауынан алынған үзінді мен «Құда түсу реті қандай?» мәтінін оқып, мәтіндердің әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады.

3- тапсырма

Мұғалім «Кубизм» әдісі арқылы шағын топтарда жұмысты ұйымдастырады. Ол үшін әр топ кубикті лақтырып, кубикте түскен тапсырманы орындайды.

Кубиктің алты қырында алты топқа тапсырма жазылған.

  • Салыстырыңыз: оқушылар құда түсу дәстүрін басқа ұлттың құда түсу дәстүрімен салыстырады
  • Сипаттаңыз: құда түсу дәстүрін сипаттап, түсіндіреді
  • Зерттеңіз: құда түсу салты туралы қандай шығармаларда сипатталатынын тауып, шағын зерттеу жасайды.
  • Талдау жасаңыз: «Абай жолы» романында салт-дәстүрлерді сипаттау шеберлігіне, жазушы тіліне талдау жасайды
  • Қолданыңыз: «Құда түсу» салты туралы шетелдіктерге арналған танымдық буклет дайындайды.
  • Дәлелдеңіз: құда түсу салтының өзгеріске ұшырағанына дәлелдер келтіріп, пікір білдіреді.

Кері байланыс.

  • Шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін тадайды;
  • Тұжырым шығарады.

http://adebiportal.kz/kz/books/view/abai_zholi_1_kitap__603

«Абай жолы» романы

І кітап

http://old.el.kz/blogs/entry/%

Құда түсу реті қандай?

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Құда түсу реті қалай?

Құда түсу – ежелден келе жатқан дәстүр. Құда болудың бірнеше жолдары бар. Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың түрін «бел құда» деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі – «бесік құда». Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы атастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұл да үлкен тойдың бірі. Қазіргі кезде де осы салт-дәстүр ұмыт болмаған.

Мұндай құдалықтың бір түрі – қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседі. Оны, әрине, қыз бен жігіттің келісімімен жасайды.

Алдымен, «Қыз таңдау» таңдау дәстүрі жүзеге асады. Бозбала көңілі ұнатқан қыз баласын толықтай өз зердесінен өткізіп, таңдап алады. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке-шешесіне сездіреді. Осылай «Қыз таңдау» дәстүрі «Қыз айттыру» дәстүріне жалғасады. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызының қарғыбауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға мен сақиналар сыйланады. Одан әрі жалғасатын дәстүр «Жаушы жіберу» деп аталады. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышының сыртына шығарып, екінші балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп «қарағым, көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді. Бұл – уәде пісті деген сөз. Қонақжайлы қазақ, жаушы келген кезде, қонақжайлылық танытып, дастарқанын жайып, қарсы алады. Мал сойылып табақ тартылады. Қыз бен ата-анасы қарсы болмаса, жаушының өтінішін қабыл алып, екі жақ құда болысады. «Құдалық берік болсын!» – деп, жаушыға кәдесін жасап, шапан жауып, ризашылығын білдіреді. Осыдан кейін, жігіт жағы «құда түсуге», ал қыз жағы «қыз ұзатуға» дайындық жасайды.

Қыз жағы да осы үлкен тойға дайындалып, құдаларын күтеді. Құдаларды күткенде, мағынасымен орындалатын салт-дәстүрлер тойға көрік беріп, гүлдендіре түседі. Құда түсушілер кіре берісімен, «табалдырық аттау» кәдесін құдалардан алады. Жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық-бауыр асату, құда тарту, ұн жағу т.б. дәстүрлер орындалады. Күйеу балаға шашу шашады, отқа май құйғызады. Алдын ала белгіленген адам құдалардың сырт киімдерін шешіп кетерде киіндіріп, «киім ілер» кәдесін жасайды. Той үстінде құдалардың осы тойын қызықты өткізетін ерекше дәстүр – «құйрық-бауыр асату». Құйрық бауыр асатудың мағынасы: «Құйрықтай тәтті, бауырдай жақын болайық» дегенді білдіреді. Бұл дәстүр құда болудың белгісі. «Құйрық бауыр» асатқан келіншектер алған кәделерін бөліседі. Толып жатқан кәделердің бір қызығы – «ұн жағу» кәдесі. Ол да мағыналы, әзіл-шыны аралас. Ұндай жұғысты болайық деп, құдалар бір-бірінің беттері мен үстеріне ұн жағады.

Қыздың туған-туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Бұл дәстүр «Есік-төр көрсету» деп аталады. Құда түсу тойындағы кәделер қайта қайталанады.

Күйеу баланың қалыңдығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін «ұрын той» өткізеді. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, желі тартар, ит ырылдар, бақан салар, үйге кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек саллар, қызқұшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.

Одан әрі ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, үзік жабар,бау-шу байлар, отау байғазысы кәделері «қыз ұзату тойында» алынады. Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Тойда түрлі ойын-сауық өткізіледі. Қыз аттанарда «сыңсу» айтады. Ал, келін түсіру тойында «Беташар» жыры айтылады. Той, негізінен қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі. Халқымыздың дәстүрінде той ешқашан тарқаған емес. Келін түсіру тойы араға уақыт салып шілдехана тойымен жалғасып жатады. Атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр – ұлттық құндылығымыз.

http://old.el.kz/blogs/entry/Құда-түсу-реті-қалай



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу