Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ: № 1

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Есенжолова А.О.

Сынып:11L1

Қатысқан оқушы саны: 24

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырып/бөлімі:

1-бөлім. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Ғасырлық туынды 1-2-кітап

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

 

Сабақ мақсаты:

Сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы роман-эпопеяның жанрлық ерекшелігін түсіну

Бағалау критерийлері

Роман-эпопеядағы басты оқиғаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

Шығарманың жанрлық ерекшелігін түсінеді.

Дескрипторлар:

Шығарманың жанрлық ерекшелігімен танысады;

Қодар мен Қамқа оқиғасының эпопея мен фильмде берілуін салыстыра талдап, автордың композиция құрастыру шеберлігін таниды;

Ғалымдардың зерттеу еңбегі (үзінді) бойынша пікір алмасады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, өнер пәндерімен байланысады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильмінен үзінділер

Тілдік мақсаттар

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту, әртүрлі мақсаттарда жазылатын жазба жұмысына сәйкес стильді таңдай білуге бағыттау.

Пән лексикасы және терминология: роман-эпопеяға тән ерекшеліктер, композиция, сюжеттік желі, образдар жүйесі, автор ұстанымы т.б.

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: коллизия

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 10-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады және өткен сыныпта оқыған бөлімдермен байланыс жасалады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту

«5 қадам» стратегиясы

  • Бүгінгі көңіл күйіңізді 5 қадаммен бейнелеп беріңіз.
  • «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың оқудан аулына қайтып келе жатқандағы сәттегі көңіл күйін 5 қадаммен бейнелеп беріңіз.

Слаид материалдары

Сабақтың ортасы

40 мин

Мағынаны тану

Миға шабуыл «Алтын сандық» сұрақ-жауап ойыны

Оқушы қалауымен сандықшадан үзінді алады. Үзіндінің қай оқиға тұсында кім айтқанын анықтайды және бала Абайға мінездеме береді:

  • - Қап, мынаның баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! Қой, не де болса қалмайық енді.
  • - Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді.
  • - Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты!
  • - Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі ме десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың немене?- деді.
  • - Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! – деді.
  • Бұл сұрақ-жауаптар арқылы жаңа сабаққа қандай болжам жасай аласыздар?

Оқушылар сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстады.

1-тапсырма ЖЖ.

Оқушылар төмендегі деректермен танысып, жұбымен ой бөліседі.

https://fs00.infourok.ru/images/doc/102/120605/img3.jpg

Эпопея (грек. epopoiia – тудыру, жазу) – эпостық шығарманың бір түрі; «эпоха», яғни дәуір деген ұғымды білдіреді. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырып арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не прозалық кесек туынды. Кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылып, осының бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетіледі. Эпопеяға тән ортақ қасиет – тарихи тақырыптың терең әлеуметтік идея арнасында баяндалуы, оқиғаның реалистікпен суреттелуі, кейіпкер сипатының байсалды түрде даралануы, тіл нәрлілігі.

«Абай жолының» роман-эпопеяға тән ерекшеліктері:

  • Композициясының кең ауқымдылығы:

Роман-эпопеяның басты кейіпкері – Абай; эпопея

4 кітаптан, 27 тараудан тұрады; әр тарау жеке сюжеттерден тұратын оқиғаларды қамтиды;

  • Жалпыхалықтық оқиғаларды жеке адам басындағы жағдаяттар арқылы беру;
  • Образдар жүйесі;
  • Отбасылық-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, философиялық, тарихи оқиғаларды қамтуы;
  • Қазақ халқының ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы өмірін суреттеуі;
  • Барлық көріністерде қоғамның барлық әлеуметтік топтарының әртүрлі сипатта бейнеленуі;
  • Шығарма негізінде сол уақыттың тарихи үрдістер бейнеленетін оқиғалардың болуы;
  • 19 ғасырдағы халық өмірінің реалистік суреттері, ұлттық құндылықтар мен ағарушылық туралы автордың философиялық ой-пікірлері;
  • Жеке тұлғаның тарихтағы рөлі;
  • Кейіпкердің мінез-құлқының қалыптасуына қоршаған ортаның ықпалы т.б.

«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы не білесіз?

М.О.Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген атау бермек болған. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман 3 кітаптан құралмақшы еді. Алайда жұмыс барысында шеңбері кеңейе түсті. М.Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» романын жазды.

1-кітабы 1942 жылы; 2-кітабы 1947 жылы; 3-кітабы 1952 жылы; 4-кітабы 1956 жылы жарыққа шықты.

«Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып жарық көрді.

І том

ІІ том

ІІІ том

ІҮ том

  • Қайтқанда
  • Қат-қабатта
  • Жолда
  • Шытырманда
  • Бел- белесте
  • Өрде
  • 7. Қияда
  • Тайғақта
  • Жайлауда
  • Еңісте
  • Оқапта
  • Асуда
  • Тарауда
  • 8. Биікте
  • Эпилог

Түсініктер

  • Абай аға
  • Кек жолында
  • Қарашығың
  • Өкініште
  • Қақтығыста
  • 6. Қоршауда
  • Түн- түнекте
  • Құз-қияда
  • Қапада
  • Қастықта
  • Шайқаста
  • 6.Жұтта

2апсырма ТЖ.

1-қадам.

Оқушылар «Автордың роман-эпопеяны Қодар мен Қамқа оқиғасынан бастауының сыры неде?» деген сұрақты шығарма желісіне сүйене отырып, тобымен талқылап, жауаптарын ВЕНН диаграммасының 1-шеңберіне жазады.

Қодар мен Қамқа оқиғасы

2-қадам.

Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильмінен үзінділер көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=Y5Bs8HV_8P4

«Құнанбай» фильмінен үзінділер (Қодар мен Қамқа оқиғасы) көрсету: 16.35-21 минутқа дейін 32.16-32.51 және 34.56-37.14 Қодар мен Қамқа өлімі.

Оқушылар «Режиссердің Құнанбай жайлы фильмге Қодар мен Қамқа оқиғасын кірістіруінің сыры неде?» деген сұрақты фильм сценарийіне сүйене отырып, тобымен талқылап, өз жауаптарын ВЕНН диаграммасының 2-шеңберіне түсіреді.

«Осы оқиғаның Абайдың азаматтық тұлғасының қалыптасуындағы орны қандай болмақ?» деген сұраққа өз болжамдарын диаграмманың ортасына жазады.

2апсырма. Ж.

Төмендегі ғалымдардың зерттеу еңбегінен үзінділерді оқып танысыңыз. Соңына өз ойтүйініңізді жазып қойыңыз.

... Жас жүрегі саусағын жайып, аңсары ауған, сағынған даласының самалына төсін тосып, алып ұшып келген он үш жасар ұланның алдынан қазылған аран – Қодар құлаған құз. Әуелгі тәтті сағыныштың орнына «жүрегіне қан төгілді». Бұл шыңырау – Мұхтар ұстанған философиялық әлеуметтік, көркемдік тұтқа. Қодар-Қамқа оқиғасы – сол көркем коллизия. Жартасқа барып, күнде айғай салып, жаңғырықтан басқа түк естімей түңілген ұлы Абайдың көшпелі тіршіліктен алғаш рет сескенуі. Шошынуы. Сол шыңырауда жаны шырылдап жүріп өзі үшін шығар жолды іздеуі. Абай шыңыраудың түбіне құламайды. Ол бірінші романның соңында сол тіршілік коллизиясынан - шыңыраудан құтылып «қияға» қадам басады. Шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған».

Сол шыңға шығу үшін де өмір құзынан Қодардың құлауы қажет еді.

Шығарманың көркемдік стилін, интонациясын, жалпы парасат жолын, әлеуметтік, психологиялық желісін анықтайтын кілтипанның кілті бұл.

Қодар-Қамқа трагедиясы арқылы көшпелі өмірді аңсап келген және соны өмір сүрудің ең сыйымды тәсілі ретінде сезінген, сенген ұланның бетін теріс қаратады. Енді ол сол қоғамның құбылысына қарсыласып, өмір сүреді. Құзға итерген өзге емес, әкесі. Шыңырау – зындан әке мен баланың арасында. Жай қайшылық емес – бітіспейтін қасарысу, қастандық емес – қатыгездікпен қарсыласу. Олар жақындаған сайын бір-бірін кері итереді, бір-бірін жоққа шығарады.

Бұл арада Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген.

Көркем шығарма белгілі мөлшерде әрбір оқиға, қоғамдық құрылысқа деген көзқарастардың тоғысын білдіргенімен де, онда адамның жан дүниесін шарпитын, өзегін өртейтін өзгеше психологиялық қопарғыш керек. Міне, Қодар-Қамқа трагедиясы сол жарылғыш заттың да міндетін атқарды.

Тұрсын Жұртбай

... Бұл ретте менің Абайды оқудан қайтқан беттегі он үш жасар кезінен бастап алуымда үлкен себеп бар: оның дүние тануындағы, адамдық, ақындық қалыптасуындағы өзгерістерді көрсетпек едім. Үлкен жүректің өршіл таланттың тұлғасын суреттеп беру үшін бұл жай өте керек. Абай аулына келе жатқан бетте оның көзіне іліккеннін, бәрі: дала желі де, даланың жусан шөбі де, оның жұпар иісі де бала жанын өзгеше жылылыққа бөлеп, бұл даланы өзінше ұғынып, сүйіп келе жатады. Міне, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды.

Мұхтар Әуезов

Менің пікірім:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма.

«Бұрыш» стратегиясы Ж.

1-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/. деген ғалымдар айтқан пікірмен келісемін, өйткені...

2-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/ деген ғалымдар айтқан пікірге басқаша дәлелім бар, себебі ...

3-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/. деген ғалымдар айтқан пікірдерге келісетін де, келісе алмайтын дәлелім да бар...

https://fs00.infourok.ru/images/doc/102/120605/img3.jpg

Сюжет (французша- зат)- көркем шығармада бір- бірімен байланысқан оқиғалар тізбегі. Сюжетте оқиға, тартыс, дәлел болады. Басталуы, байланыс (оқиғаның туындау себебі), даму (оқиғаның өрбуі), шарықтау шегі (оқиғаның күшейіп, жеткен жері), шешімі (оқиғаның аяқталуы).

Композиция (латынша- құрастыру, қиыстыру)- көркем шығарма құрылысы. Композиция мен сюжет тығыз байланысты. Өзгешелігі:

1) Сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді (оқиға болу керек);

2)Композиция сюжеттен тыс нәрселерді де қамтиды (пролог, эпилог).

https://www.youtube.com/watch?v=Y5Bs8HV_8P4

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?
  • Не ұнамады?
  • Бүгін не білгіңіз келіп еді, мақсатыңыз орындалды ма?
  • Не жайында көбірек білгіңіз келеді?
  • Өзге де толғандыратын сұрақтар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу