Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

оқу мақсаты

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

сабақ мақсаты

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ғаламдық мәселелермен байланыстырып, шығарманың құндылығын түсіну, бағалау.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым, бейнебаян

Бағалау критерийі

  • Өлеңде көтерілген мәселені анықтайды;
  • қазіргі өмірмен байланыстырады;
  • ақын көздеген ұлттық мүддені анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Қызығушылықты ояту.

Өлеңнен үзінді тыңдайды:

Барым да, бақытым да осы өлеңім,Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.Өмірге келгенім жоқ бостан – босқа,Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.

Үзінді не туралы екендігін оқушылар анықтайды.

Мұғалім қажет болса, қосып өтеді:

Бұл үзіндіде өзінің осы өмірге келгендегі қоғамға қосқан үлесі туралы сөз болған. «Жүрегімнің досы өлеңім» метафорасы арқылы өзінің ақындық қасиетін жеткізгісі келген. Әлемде қоғамға қызмет «волонтерлік жұмыстар» арқылы іске асады. «Красный крест» сияқты халықаралық ұйымдар өте мұқтаж елдерге қажетті көмек көрсетеді. Бұл жер ортақ, адамдар бір-біріне көмек беру арқылы адамгершілік қасиетті сақтайтынымызды білдіреді.

1-тапсырма

Сұрақ:

  • Үзіндінің кілт ойын қай сөздер бере алады?Сөздер тізімін жасайды.
  • Осы сөздерді қолданып, өлең немесе қара сөзбен ой білдіріңіз.

2-тапсырма

Топтық жұмыс: Берілген құндылықтарды шығармамен және әлеммен байланыстырып түсіндіріңіз.

1-топ Қоғамға қызмет

2-топ Ұрпаққа аманат

3-топ Өзін-өзі дамыту

4-топ Өз ісін сүю

Дескриптор:

-құндылықтарды шығармадан табады

- әлеммен байланысты түсіндіреді.

Жеке жұмыс. 3-тапсырма

«Егер мен ақынның орнында болсам» рольдік монологтік жазба жазу.

Дескриптор:

 - тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: Осы сабақ негізінде 1 сөйлеммен ой айтыңыз.

Үйге тапсырма: Өлеңнен ұнаған үзіндіні жаттау, оны неге таңдағанын түсіндіру.

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу