І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, әдістеме. 15 сабақ.


«Шаршыдағы қоңыз»

Тақтада төмендегідей сурет ілінеді. 9 ұсақ шаршыдан құрастырылған үлкен шаршы ортасында қоңыз суреті. Бастаушы суретке теріс қарап тұрып, қоңыздың ұшу бағытын айтады, егер қоңыз шаршы сыртына шығып кетсе, қатысушылар қол соғады. Бастаушы ауысады. Бірнеше рет қоңызды шаршы сыртына шығарып алса, онда сурет алынып тасталып, қатысушылар қоңыздың бағытын оймен елестете отырып, қол соғады. Мысалы: Қоңыз ортада, оңға ұшты, жоғарыға ұшты, оңға ұшты. Қатысушылар қол соғады, себебі қоңыз сыртқа шығып кетті.

Бұл ойын оқушылардың кеңістікте ойлау дағдысын дамытады, зейінді шоғырландырады.

«Шаршылар»

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.

«Шаттанушы мен күдікшіл»

Бастаушы бір сөйлем айтады, келесі қатысушы оны жағымды пікірмен жалғастырады, одан кейінгі қатысушы соңғы сөйлемді алып, жағымсыз пікір қосады, келесі жағымды ой айтады. Осылайша жалғаса береді.

Мысалы, «Менің сабағыма тәлім беруші келіп қатысты», «Бұл жақсы, себебі сабақтан соң жоспарымды талқылаймыз», «Жоспарымды талқылаймыз, бұл жаман, себебі маған сын айтылуы мүмкін», «Маған сын айтылуы мүмкін, бұл жақсы, себебі келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын», «Келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын, бұл жаман, себебі өзіме сенімділігім жоғала бастайды» т.с.с.

Бұл тәсіл сыни ойлауға жетелейді. Кез келген ұғымның жақсы-жаман жағы, тиімді-тиімсіз жағы болатынын, жақтаушы-даттаушы болуға болатынын бағамдап жүреді.

«Шатасқан әңгімеші»

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды да, ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді. Осылайша өз ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады. Сөз тиген адам әлгі әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, сөзді келесі қатысушыға береді.

Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын жетілдіруге көмектеседі.

«Шеңбердегі доп»

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.

«Шиыршық»

Өткен материалдарды өзара байланыстыра еске түсіре отырып, жаңа материалды меңгертуге, сабақ материалының сабақтастығы мен негізгі пікірлерді есте сақтауға арналған әдіс. Мәселен, толықтауыштың мағыналық (тура, жанама) түрлерін өту барысында өткен материалды (толықтауыш туралы алғашқы мағлұматтарды, сұрақтарын) пысықтай отырып, жанама және тура толықтауыштың ерекшелігін салыстыра көрсету арқылы, тіркесетін етістіктерге назар аударту, сабақты, салт етістіктерді ойға түсіру, ой-пікірлеріне ерік бере, түрлі қызықты сипаттамалармен есте сақтауға жол ашу.

Оқушыңың жеке басы қабілеттерінің айырмашылықтарын қарастыра отырып, табиғатын тануға жетелер болсаңыз, ол бізді таңғалдырар сипаттамалар берері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемізден балалар жазбаларынан үзінділер келтірейік.

«Тура толықтауышта турашыл, елжанды (патриоттық) мінез бар екен. Мен оны қайсар мінезді жанға, өзінің тегін өзгертпей, ата дәстүріне берік болатын адал перзентке ұқсаттым.» (Елдар)

«Жанама толықтауыштарды жақсы көріп қалдым. Жанына келген етістіктермен үйлесе кетіп, табиғатын өзгертіп, мекенді, іс-әрекетті таныта білетіні жақсы емес пе? Ал Арман оларды қызметін өзгертіп кеткен сатқын деп ренжіп отыр. Меніңше, бұл – тым қатты сөз, мен олай демес едім. «Нағыз уақыт тынысына сай өзгере білетін батыл да іскер сөйлем мүшелері!» - деп мақтар едім. «Мен істей алмаймын, бұл маған жат», - деп тұрмады, батылдықпен өзгерді, мүмкіндігін кеңейтті...» (Мөлдір)

«...Мен сабақты, салт етістікті ұмытып та қалған едім. Тез есіме түсіре алмай қиналдым. Ал енді ұмытпаймын. Себебі мен жанама толықтауыштың достары салт, тура толықтауыштың досы болатын етістіктер сабақты деп аталатынын жақсы білетін боламын. Жанымда отыратын Асылбек екеуміз келіспей қалдық. Біз кез келген етістікті атап, оның алдына толықтауыш қойып отырғанбыз. «Кел» деген етістікті айтқанда, мен «маған» деген сөзді алдына қойдым. Егес осыдан басталды. Асылбек: «Ол салт етістік емес, себебі оның алдындағы сөз «кімге?» деген сұраққа жауап береді», - дедім. Осылай айта алғаныма қуанып отырмын. Әлде дұрыс айтпадым ба?» (Жанат)

«Ықшам тақталар»

Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын» деңгейін көрсете алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады.

«Ыстық орындық»

Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.

«Элективті тест»

Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.

«Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест»

Ағылшын психологі Пип Уилсон ойлап тапқан жылдам әрі жеңіл тест өте қысқа уақыт ішінде адамның эмоционалдық көңіл-күйін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өмірден күтетін нәтижесінің қазіргі жағдаймен сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұсынылған сурет тақтаға ілінеді. Оқушыларға тапсырма: ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды? Өзіңе ұқсаған адамды қарындашпен белгілеңдер.

«Эстафета»

Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай уақыт бөлінеді. Қай топ неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін, қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін мұғалім анықтап, жеңімпаздарды белгілейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу