І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, әдістеме. 14 сабақ.


Эссені көбі шығармамен шатастырып жатады. Ал шындығында екеуінің жазылу стилі екі бөлек. Алдымен, шығарма мен эссенің аражігін ажыратып алсақ:

  •  Эссе – бұл адамның субъективті пікірі, көзқарасы мен ойы еркін түрде жазылатын әдеби жанрдың бір түрі. Эссенің басқа жанрлардан басты айырмашылығы ой еркіндігі және көлемі жағынан қысқа болып келуі.

Эссенің шығармадан айырмашылығы

  • Шығарма құрылым мен жоспарға негізделген жазба жұмысы. Оны жазар уақытта автор жоспар құрады, сол бойынша тақырыпты ашуға тырысады. Демек мұнда ой тізбекті түрде жеткізіледі.

Құрылым бойынша: Кіріспе, Негізгі бөлім, Қорытынды бөлімдердің болуы маңызды. Одан бөлек, шығарманың көлемі ұзақ, әр бөлім кем дегенде бір-екі дәптер парағындай бет құрауы тиіс.

Эссе көбіне еркін тақырыпта жазылады және автор қандай көзқарасты, пікірді қолдап жазса да, өз еркі. Эссе жазу кезінде де белгілі бір құрылым сақталады, бірақ жоспар құрылмайды, тек логикалық тізбек: кіріспе абзац, негізгі абзац және қорытынды абзацқа ойша бөлініп тұруы керек.

Тақырыптан ауытқымау

Кез келген мақала, эссе, шығарма жазу кезінде шегініс жасаудың қажеттілігі жоқ. Яғни тақырып нақты “Көп балалы болудың артықшылықтары мен кемшіліктері” болса, сол тақырып аясында ой толғаған дұрыс.

Ойды еркін жеткізу

Ойыңызды жинақы, нақты, анық етіп жазу маңызды. Жазуыңызға да мән беріңіз: нашар жазудан емтихан тексеруші сіздің не айтқыңызды келгенін түсінбеуі мүмкін, сондықтан шимай-шатпақсыз, таза әрі түсінікті етіп жазуға тырысыңыз.

Нақты мысалдар келтіру

Эсседе сіз пікіріңізді аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеуіңіз керек. Демек көп балалы болу дұрыс деп ойласаңыз, неге осы позияцияны қолдайтыныңызды түсіндіріңіз.

Мұндағы аргументтер:

  • Деректер мен дәйектер.
  • Өмірден алынған жағдайлар, өмірлік шынайы тәжірибелер.
  • Ғылыми зерттеулер.
  • Ғалымдардың пікірлеріне сілтеме.

Тақырып ашылуы үшін бір эсседе кем дегенде екі нақты мысал болғаны дұрыс.

Қорытынды жазу

Міндетті түрде ойыңызды қорытындылаңыз. Соңында белгілі бір мәселе жөнінде пікіріңіз бен көзқарастарыңызды айтып келіп, оны қайткенде жүзеге асыруға болады немесе нәтижесі мен түйінін айтып өту қажет.

Эмоцияналды-экспрессивті сөздердің қолданылуы

Эсседе эмоцияналдылыққа рұқсат етіледі, көркем әдеби стильде жазылады. Алайда, жаргон, қысқарған сөздерді қолдану және ауызекі сөздерді пайдалануға тыйым салынады.

Берілген көлемді сақтау

Әдетте эссенің көлемі 200-250 сөзді құрайды. Одан аз немесе көп сөз жазу емтиханнан төмен нәтиже алып келуі мүмкін, сондықтан берілген стандарт пен форматқа сәйкес жазуға тырысу керек.

 

Автор

Назерке Муса

nazerkeden@gmail.com



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу