І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, әдістеме. 17 сабақ.


Кері байланыс

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio- кейінге  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.

Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ  бөлімдерінен кейін және  тарау соңында  жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық  рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б.  Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.

Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.

1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен  бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу,  сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда  «Бас. Жүрек. Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Ақсақ Темірдің тарихтағы орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен  баллададағы оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.

2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы  Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.

«Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында   «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.

«Таңдау» әдісінде  бес пікір жазылған парақ беріледі.

1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды  мұқият    зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.

5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын   риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.

3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен  білемін деген сияқты ой-пікірлерін  білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

«Қызықты»  -  деген бағанға өздеріне  не қызықты  болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.

«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісінде:

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.

7-сыныпта өткен М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша «Маған 3 нәрсені айт» кері байланыс парағы берілді. Оқушылар Сабақта не өттік? Неден табысқа жеттім? Нені терең білгің келеді? деген сауалдарға  олар «Көксерек» әңгімесі арқылы қасқырлардың психологиясын түсініп, оларға да қамқорлық керек екенін ұғынғанын және «Құндылық спектрінде» Құрмаштың өліміне кім кінәлі? деп ортаға тасталған  сұраққа өздерінің ойларын еркін жеткізге білгендерін, тағы да қасқырлар туралы жазылған аңыз-әңгімелермен танысқысы келетіндіктерін ашып жазды.

«Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек?

3-бөлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ... . Мұнда оқушылар сабақ соңындағы іс-әрекетіне баға береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясында оқушылар екі ұнаған фактор мен бір ұсынысын білдіреді. Қазақ әдебиеті сабақтарында көбінесе «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясын жиі пайданамыз. Атап айтсақ, Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала»  әңгімесін  қорытындылау кезеңіндегі топтық жұмыста оқушылар әңгімені баяндауда сюжеттен ауытқымау, әңгіме мазмұнын әдеби тілмен баяндау  сияқты ұсыныстар айтылды.

Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған.Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады.Бұнда жеке өзінің пікірі емес,жалпы топтың пікірі,топтағы жұмыстардың нәтижесі  алынады.

Топтық кері байланыс сұрақтары:

1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?

  • Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;
  • Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
  • Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;

2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?

  • ақпарат алмасуда;
  • Өзара қарым- қатынаста;
  • Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;

3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?

  • Бір адамға бағытталған стиль
  • Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.

4. Топтағы  орындау  барысында  топта  ауызбіршілік сақталды  ма?

  • Топта ауызбіршілік пен  серіктестік  қарым-қатынас сақталды;
  • Топтағы  бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу