Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 5 сабақ.


Қызығушылықты ояту

«Той атаулары» ойыны

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Той атаулары» (Жар-жар, беташар, сырға салу) карточкалары арқылы оқушыларды топқа бөлу. Әр топ спикері алған той атауына қысқаша түсінік береді.

1-тапсырма

Топтық жұмыс

Мәтінді топтарға бөліп оқып, көтерілген мәселеден ұлттық мүддені табыңдар.

Дескрипторлар:

Білім алушы

мәтінді бірнеше бөліктерге бөледі, әр бөлікке атау береді;

әр бөліктің негізгі ойын, көтерілген мәселені анықтайды;

ұлттық құндылықтарды талдайды;

өз пікірін білдіреді.

2-тапсырма

Пікірталас

Қазақтың өмірі – той. Екі жастың үйленгенінен бастап, жас келіннің баланы дүниеге әкелгеcін жасалатын қалжа той, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той т.б. тойлардың түрлері көп.

Көрпемізге қарай көсілгеніміз дұрыс па әлде тойда барынша шашылған жөн бе?

Дескрипторлар:

Білім алушы

өз пікірін қорғайды;

дәлелдер келтіреді;

әлемдік жағдайлармен байланыстырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Рефлексия

«ҚҚҚ кестесі»

Үйге тапсырма: Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу