Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


САБАҚ: 6

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні: Угыбаева Г.А.

СЫНЫП: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Заман, дәуір тұлғасы

Сабақтың тақырыбы

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы

Шығарма идеясын, мазмұнын ажыратады;

Көптеген оқушы

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас басқа шығармалармен салыстырады;

Кейбір оқушы

Әдеби сын жазуда шығарманы мазмұндас туындылармен идеялық жағынан салыстыра талдайды.

Бағалау критерийі

шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: әдеби сын, әдеби сынның мақсаты, идея, мазмұны, эстетикалық баға беру, саралау, сыншылдық ой-пікір;

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: жалпы бұл шығарма эстетикалық жағынан, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына тоқталар болсақ, автор шығарманың ұлттық сипатын, т.б.

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Алдыңғы сабақта

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға берді.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек

көздері

Сабақтың басы

5 минут

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Топтарға пән лексикасы және терминология бойынша, сондай-ақ, диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері ұсынылады. Топтар ақылдаса отырып, оқу мақсактын анықтайды.

Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері:

жалпы бұл шығарма эстетикалық жағынан, шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығына тоқталар болсақ, автор шығарманың ұлттық сипатын, әдеби сын, идея, мазмұны, әдеби сынның мақсаты, эстетикалық баға беру, саралау, сыншылдық ой-пікір;

Оқушылар оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.

Слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

10 минут

15 минут

2 минут

Т Топтарға сабақтың оқу мақсатына негізделген сұрақтар беріледі.

1-топ: Әдеби сынды қалай жазуға болады?

2-топ: Әдеби сынды жазуда нені ескерген тиімді?

3-топ: «Томирис» драмасымен мазмұндас қандай шығармаларды білесіздер? Қай туындымен салыстырар едіңіздер?

4-топ: Әдеби сын не үшін жазылады? Оның рөлін қалай түсіндірер едіңіз?

Тапсырмалар: Берілген 2 тапсырманың бірін орындаңыз.

  • «Томирис» драмасын өздеріңіз оқыған мазмұндас шығармалардың бірімен салыстырыңыздар. Берілген тіркестерді қолдана отырып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
  • Шығарманы, Ұлпан бейнесін Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романымен, Ұлпан бейнесімен салыстырыңыз.

Қолдануға берілген тіркестер:

әдебиет үлгілерімен салыстырар болсақ...

қазақ әдебиетіндегі шығармалар қатарында

драма үлгісі

әйел бейнесі

шындықты бүкпесіз жеткізуде

рухани күштің жаңа тынысы

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына катысты

өзіндік ерекшелігі

жалпы бұл шығарма эстетикалық жағынан

автор шығарманың ұлттық сипатын

Ж

Тапсырма:

«Қазақ тарихындағы Томирис бейнесі» тақырыбында әдеби сын жазыңыз. Ұсынылған тіркестерді қолданыңыз.

Дескриптор:

  • Әдеби сын жазады;
  • Сыни пікірін тиімді білдіреді;
  • Шығармаларды салыстырады;
  • Берілген тіркестерді қолданады.

Мұғалім бағалауы (Кешіктіріліп берілетін кері байланыс)

Кері байланыс

Әдеби сын жазуда қандай кедергіге тап болдым?

Оқушылар стикерге жазып қалдырады. (Кейін мұғалім оқушыларда кездескен кедергілерді ескере отырып, жеке оқушылармен жұмыс ұйымдастырады.)

Слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу