Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы
Оқу мақсаттары
10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау
Сабақтың мақсаты
Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды.
Бағалау критерийлері
Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Бесеудің хаты» драмасына қай кездегі оқиға арқау болған?
Драмадағы негізгі кейіпкерлер кімдер?
Автор қолтаңбасы
https://www.youtube.com/watch?v=XxVgLpqfCTE
Тапсырма 1
Тапсырма 1
Жеке жұмыс.
Шығарманың тарихи қоғамдық негізі
Кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі психологиясы
Шығарманың эстетикалық-әсершілдік мәні
Дескриптор:
Шығарманың тарихи қоғамдық негізін табады;
Кейіпкер портретін суреттейді;
Шығарманың эстетикалық-әсершілдік мәнін табады.
Тапсырма 2.
Кейіпкер портреті
Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
«Ашық микрофон» ойыны.
Шарты: Берілген сұраққа жауап бергісі келген оқушы ортаға шығып, өз пікірін қорғайды. Қойылатын талап: Ой ықшам, жинақы, дәлелді болуы керек және сөйлеуші аудиторияны өзіне қарата алуы қажет.
Сұрақ: /сұрақты аудио арқылы тыңдатуға да болады/
Драмада Сталин мен Голощекиннің екеуара сөйлескен сөзі берілген. /205 -бет/
Сталин:
-Айтшы, Голощекин, қазақтар қандай халық?
Голощекин:
-Ойбай, сұрамаңыз. Жабайы! Жа-бай-ы-ы! Тамақты қолмен жейді! Қасық шанышқы дегенді білмейді! Сұмдық!
Сталин: Ал, одақ көлеміне шығатындай ақын-жазушылары бар ма?
Голощекин: Жазушысымақтар бар. Шетінен ұлтшыл. Шетінен –Алашорда! Әлгі Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Аймауытов, Әуезов ... Шетінен қамауға алдық.
Осы үзіндідегі Голощекиннің қазақ халқы мен оның зиялылары туралы айтқан пікірін қалай жоққа (теріске) шығарар едіңіңіз?
Кері байланыс
«4 сөйлем стратегиясы»
1.Пікір
2.Дәлел
3.Мысал
4.Қорытынды
Рефлексия
Сабақта не қиын болды? Не оңай болды?
Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.
Мен үшін маңызды бір ақпарат...
Қиындық тудырған тапсырма не сұрақ...
Мен үйрендім не білдім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру