А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Мектеп:

Күні: 19.03.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Айтан А.Л.

Сынып: 10А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Оқу мақсаты:

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

 Сабақ мақсаты:

Шығармадағы көтерлген мәселелерге өзіндік көзқарасымен баға беру

 Бағалау критерийлері

  • Негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстыра алады;
  • Шығармадағы көтерілген мәселені таба алады;
  • Мәселеге өзіндік көзқарасымен баға береді.

 Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға ,өзгеге де құрмет көрсетуге шақыру, білім алу;

Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну, қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас орнату.

 Пәнаралық байланыстар

тарих

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы тапсырма мен дескрипторлармен танысады. Сілтеме арқылы әңгімені оқиды

Бастапқы білім

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің мазмұны мен жанрлық ерекшеліктері туралы білді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

7мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;
  • Сыныпты түгендеу;
  • Назарын сабаққа аударту;
  • Өткен сабақты еске түсіру.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Қызығушылықты ояту:

«Шашты» әңгімесі бойынша «Лимерик» ойыны.

Ойын шарты : Белгілі бір құрылымға негізделген өлең шығару.

Өлең 5 тармақтан тұрады. Әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі.

Әр топ өз кейіпкеріне өлең /күлдіргі болуы міндетті емес/ шығарады.

  • 1-тармақ - кейіпкер
  • 2-тармақ - кейіпкерге мінездеме
  • 3,4-тармақ - оқиға
  • 5-тармақ - автор көзқарасы

МҚ

Сабақтың ортасы

30мин.

2 мин.

1-тапсырма. Жұптық тапсырма. Сыныптағы оқушыларды екі нұсқалы жұпқа бөледі.

1-жұпқа:

  • Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып шығарманың қашан және неліктен жазылғаны туралы ойыңызды жазыңыз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жаса және жылқышы шалдың неге қкініп неге үміттенетініне өзіндік көзқарарсыңмен 3 -4 сөйлеммен баға бер.

 Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. Тегімді білмей, теріс бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті атамды білемін, ел көзіне тура қарар бет болмаған соң тексізден нем артық?!» – деп ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар. Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен жеткенің. Сонда мына мен өлінерде артымда басқан ізім, кіндігімнен жаралып, бел балам болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым қалды деп білемін».

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр. Түн баласы ақ маяның жолына қарап жүресің. Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың сол» деген үзіндіден қазақтың қандай дүниетанымдық және тәрбиелік қасиетін байқайсың? Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 2-3 сөйлем көлемінде талдау жаз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жұпқа:

  • Үзіндіні оқи отырып, жылқы малына деген ата-баба көзқарасына баға бер.

Қас жүйрік қыпшақ ұлдың тақымында кеткенде түрікпендер жер сабалап қалды. Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз-қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді.

 Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді. Қашса құтылады, қуса жетеді.

 

  • Үзіндідегі көтерілген мәселелерге тоқталып, өзіндік көзқарасыңды білдір. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін сипаттап жаз.

 

 – Есіңе мені бір жаман құл, Тасқұл деп алғайсың. Ертең қашпасаң, құлақ кесті қара құлдан бетер сорақы боласың. Мына сенің жасыңда тұтылдым. Уызымнан жарып, бал жалап өскенімді қайтейін. Ат тұяғы басқан жер шапқын, жылқы мінген елдер соғысып, жылқы өсірген халық шабындыға көп түседі екен. Аттанып шыққан түрікпен аламанда тұтты. Ойдағы ауылыма оқыстан жау тиді, қазанды қақ айырды. Қазақ пен текежәуміт, екі жағы барымтада бірдей ожар. Біздің рудың бас көтерер ерлері Жетісу, Теңіз* асып, бұғы қырғыздан* жылқы әкелуге кеткен кезіне килікті. Кілең қатын-бала, кәрі кемпір-шалдан бөлек найза ұстайтын ерлерден аз ғана топ қалған, жасанған дұшпан қырып салды. Жас қыз-келіншектер мен қорғансыз балаларды алғыншылар қоймен қоса айдап әкетті. Кебенек киген тірлік у татып, тұтқыннан қашып кетуге тағдыр еш қоспады. Талай әрекет қылғанмен, қолға түсе бердім. Арқамдағы дүренің іздері содан қалған белгі.

 Жылқышы шал басы салбырап, ұзақ үнсіз отырып қалды. Іштегі шерін, асқан құпиясын ақтаруға батпайтын сияқты.

 – Он үште отау иесі деген. Ер жетуге аз қалғанда, құдай кешпес бір кепке ұшырап, өлгім келді. Кісіге айтуға арланатын қорқау сөз еді. Құлдық кепиеті ұрмасын деп мына саған айтпасқа еш амал жоқ. Тәңірінің бұйрығы айтқызып тұрғанын қара. Түрікпендер бір күні қатын-қыздарымызға қарап қояды деп мені ата мал сияқты, қошқардайын тарттырып жіберді. Содан бергіде Азбанқұлмын!

 Жылқышы шалдың иегі кемсеңдеп кеткенін көрген сәтте, бала аһ ұрып, оны арқасынан құшақтай алды.

 ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Шығармада автор заман көрінісін, қазақ қоғамының ерекшелігін қалай көрсетеді?

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дескрипторлар:

  • Мәтін үзінділеріне талдау жасай алады,
  • Өзіндік көзқарасы арқылы баға бере алады.

Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалап отырады.

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Сабақтан алған әсерім...

Бүгінгі сабақтан не білдім?

Келесі сабақта нені білгім келеді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысы

10___ сынып оқушысы _____________________________________________________________

  • Бұл шығарма не туралы?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Шығарманың идеясы.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Шығарманың жанрлық белгілерін анықта.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып шығарманың қашан және неліктен жазылғаны туралы ойыңызды жазыңыз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Кестені толтырыңыз

Жамал бойындағы құндылықтарды жаз

Ойыңды негізде

  • Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жаса және автор қолданған көркемдегіш құралды анықта.

Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борасын бар еді. Жамал жиырма шақырым шыққан уақытта боран көтеріліп, жол көрінбей бастады. Бара-бара боран әбден күшейіп, алды-артын орап алды. Қорқыныштың не екенін һәм жән-тән рақатын ұмытқан Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан уақытта аты бір жерге келіп тұрып қалды. Сол уақытта ғана байқаса, ат әлдеқашан жолдан шығып кетіп, бір қалың омбы қарға тоқтаған екен. Атты кейін бұрайын десе, екі қолы қатып қалып, тізгінді ұстауға келмей тоңып һәм күллі денесінің қалтырағанын сезді. Жамал бар күшін жинап алып, атын бұрып жүрген болып еді, һеш нәрсе көрінбей, жол табылмайтын болды.Осылай адасып түн ортасына шейін жүріп, өзі әбден жаурап не болғанын білмеске айналды. Тым болмаса аттан түсіп, жаяу жүрсем жылынар ма екенмін деп, түсіп жүріп көріп еді, қалың қарға жығылып-тұрып жүре алмай, бір жерге келіп біржола құлады. Күндізінде мініліп жүріп, түнде һәм болдырған ат Жамалдың қасынан ұзамай тұрып қалды. Жамал да жан ұшырып, тұла бойы қызып бара жатқан секілді болып, үстіндегі киімдерін һәр жерге шешіп лақтырып, бар даусымен:

- Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың? - деп, ақырғы тіршілігінің минуты осы болып, бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жан тәсілім қылды...

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Берілген сөздер мен сөз тіркесіне анықтама бер.

Ерулік -

Лау байлату -

Әмеңгер -

Күндестік -

Ұрын келіп қалыңдық ойнау -

Атамның сүйегін сындырғандай боламын –

  • Шығармада автор заман көрінісін, қазақ қоғамының ерекшелігін қалай көрсетеді?

/қазақи мінез, қылық, ұлттық құндылықтар, қазақ тұрмысына тән әрекеттер мен салт –дәстүрлер/. Осы сұрақ төңірегінде ойланып 250-300 сөз эссе жаз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу