Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Пәні: қазақ әдебиеті Сабақ тақырыбы: Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 1- сабақ | Мектеп: | ||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты – жөні: | ||||||||||
Сынып: 10-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі | Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 10. Т/Ж1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, әлем әдебиеті, өнер | ||||||||||
АКТ –ны қолдану дағдылары | Таныстырылым (слайдтар) | ||||||||||
Бағалау критерийі | 1. Шығарма мазмұнын қысқаша баяндап, әдеби тілдік қорымен , түсінікті тілде жеткізе алады; 2. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдай алады. | ||||||||||
Тілдік міндеттер | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушыларға Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасын оқып келу | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс - әрекеттер | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ой шақыру кезеңі. Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды. 3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 5 минут 10 минут | Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе Мағынаны тану Ә. Кекілбаевтың өмірі және проза жанры туралы қысқаша түсінік беріледі. «Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние. Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды. Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты. 1 ДЖИГСО әдісі бойынша оқушылар «Аңыздың ақыры» шығармасын оқып , мазмұнымен танылады, бірін-бірі оқытады 2. ДЖИГСО ұжымдық оқыту әдісі. Оқушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында топтық оқыту әдісі қолданылады. - Алдымен сынып 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Оқушылар 1, 2, 3, 4-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын шығарманың оқулықтағы беттері белгіленген соң, әр оқушыға шығарма бөлігін түсініп оқу қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген шығарманың 4 бөлігін 4 топтың оқушылары бөліп алады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” шығарманың тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жауапкершілігіне байланысты екені түсіндіріледі.- Сыныптағы оқушылар бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің оқып келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осы әдіс арқылы топтағы оқушылар бірін-бірі оқытуға, шығарма мазмұнын қысқаша баяндауға үйренеді. Оқушылар бірін-бірі «Саусақ әдісімен» бағалайды. Шығарма мазмұнын түсінікті тілмен жеткізе алған оқушылар марапатталады. Топтық тапсырма. Топтық жұмыс. Композицияның жоспарын жасау. Шығармалық басталуы Шығарманың дамуы Шығарманың шиеленісуі Шығарманың шарықтау шегі. Шығарманың шешімі. Шығарманың сюжеттік желісін анықтайды. Топтық бағалау жүреді. | Суреттер https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24334/ слайдтар | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында оқушылар сабақта не үйренгендері туралы ойлану үшін рефлексия жасайды. Әр оқушы өздері қалаған 1 сұраққа жауап жазады. Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыз? Шығармамен танысуда қай әдіс ерекше тиімді болды деп ойлайсыз?Неліктен? Шығармадағы оқиғалар сізге қалай әсер етті? Қай тапсырманы орындауда қиындық болды? Сабақтың мақсатына жеткен –жетпегенін оқушылар өздері бағалайды.Алдағы уақытта нені жетілдіру керектігін анықтайды. Үйге тапсырма: 1.Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | |||||||||
Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс. Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. | Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау | Пәнаралық байланыс:тарих Белсенді оқыту әдістерін қолдану, Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау | |||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Қорытынды бағалау Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?