Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 2- сабақ

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 10-сынып

Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

А/И 1.Әдеби шығарманың композициясы

Сабақтың мақсаттары

10.А/И1. Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, әлем әдебиеті, өнер 

АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым (слайдтар)

 Бағалау критерийі

Шығарманың композициясын уақыт тұрғысынан талдай алады.

 Тілдік

 Міндеттер

 

 

 Глоссарий

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Сабаққа қатысты глоссарийді оқушылар өздері құрайды.

Диалог арқылы оқушылардытақырып бойынша сөйлеуге ынталандыру;

Топта өз көзқарасын білдіруге машықтанады;

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Біздің ойымызша.....

Біз келісеміз...

Мен ойлаймын ...

Алдыңғы білім

Оқушыларға Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2.

3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

10 минут

Топқа бөліну. Сабақты бастамас бұрын оқушылар тақтаның алдына шығып таяқша әдісі арқылы топқа бөлінеді.

1. Жасыл, қызыл, сары түсті фигуралар

3.Таяқшаның түсі бойынша 4 топқа бөлінеді.

Ой шақыру бөлімі: \

https://www.youtube.com/watch?v=x3YHTuAraHY

« Орта Азия халықтарына тән аңыздың тууына негіз болған Самархандтағы Бибі ханым салдыртқан ескерткіш қазақ жазушысының шығармасының өзегіне айналған». 

Сонымен қазақ әңгімесіне арқау болған қандай аңыз, ол үшін сабағымыздың жоспарына назар салайық: ЖОСПАР: 1. «Өзегінен құрт шыққан алма» 2. «Алақан жайған қос ақ білек» 3. «Аспандай қараған асқақ мұнара» 4. «Барар жерің бәрі бір жердің асты» 

1-тапсырма.Өмірдегі жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен махаббатты, абырой мен арсыздықты, қанағат пен құлқынды ара жігін айыра отырып, оны бүгінгі өмірмен салыстырыңыз. Оқушыларға мәтіндер таратылып, оқытылады, мазмұны талданады. Мұғалім әрбір мәтінннің арасында қосымша түсінік келтіріп, бір ойды екінші оймен байланыстырып тұрады. 1-мәтін Міне бүгін де ол көп ұзамай тағы да атқа қонатын келесі жорығы туралы ойланғалы келіп еді, есіне қайдағы бір алма сап ете қалды. Сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма кеше бұның алдынан қайтқан-ды, жаңа тамақ үстіне қызметші әйел алтын табаққа салып тағы әкеліпті. Өзге алмалар жетпегендей, тап соны ұстай апты. Арасын ашып қарап еді, бұлаңдап құрт шықты. Қызметшілердің алдында мінез шақырып жатпады, байқамаған боп табаққа қоя салды... Жастығының қасында тұрған қоңырауға қолының қалай тиіп кеткенін білмей де қалды. Есіктен басын иіп, қызметші әйел көрінді. Бұл өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды жасыруға бар күшін салып бақты. - Мына алманы осындағы бақтан үздіңдер ме? - Жоқ, тақсыр ием, сізге әдейі Ұлы ханым жіберіпті. - Бара бер. 2-мәтін. Тәкәппар ханымның аспаннан басқа ештеңеге көзі түспейтін асқақ жанарын өзіне аударудың жалғыз жолы – мына мұнараны бұрын-соңды бұл Қос өзен елінде ешкім көрмеген ғажайып көрікке бөлеу. Мұнараның қасынан әрқайсысы алты қанат ордадай оншақты тандырды қатар жағып, дермене мен жапақты тау-тау қып үйіп, әуелі бояу әзірлейтін күл өртеді, сосын таңғы аспандай көкпеңбек, күнге шағылысқанда қырық құбылып, жылтырап тұратын шытыра тас күйдірді. Бір айдан соң он шақты шеберді қатар өрмелетіп, мұнара сыртын шытырамен жаптыра бастады. Күні кеше қара жерді ойып жіберетіндей тырп етпей табандап алған зілман мұнара күннен күнге ажарланып барады. Көк мұнара күн орнынан ауған сайын әр алуан кейіпке көшіп құбылады да тұрады. Қараған жан соның бәріне қайран қалады. Бірақ соның сыйқыры неде екенін біле алмайды. 3-мәтін Бөлме іші бозамық. Ханымның төсегі қай тұста екенін кейін барып аңғарды... дөңкиіп үюлі жатқан көрпенің тасасынан қос ақ білек қайта-қайта алақан жайып көкке көтерілді; кенет оқ тигендей, ұйпа-тұйпа үйіліп қалған көрпенің үстіне сылқ құлады да, екі қол айқаса кетті. Сүйрік саусақтар бірінің арасына бірі сығымдала кіріп, біраздан соң құшағынағы мамық көрпені мытып ап, бауырына қыса түсті. Ханымның мойны әнтек қисайып, жастықтан аунап кетіпті. Қос көзі тарс жұмық. Ханым өз тісін өзі күл ғып үгіп жібергісі келгендей, тістеніп апты. Бір-біріне қадалып қалған ақшыл тістердің ар жағынан әлдебір аласұрған қомағай құштарлық сес бергендей. Кіші ханымның ұйықтап жатып, әлденеге өліп-өшіп, ентіге шыққан демі Әміршінің құлағын шаянша шағып алды. 4-мәтін Қарсы алдында дәл баяғы алғашқы көргендегісіндей боп, ханымның өзі тұр. Сол баяғы ақ желең көйлегі, басында сол баяғы ақ селдір перде... Жоғарырақ көтерілсе, жел ұшырып әкетердей сатының ақырғы басқышына жете бере тоқтай қапты. Сол баяғы қымсына күлімдеген нәркес жанары. Шиедей албыраған етті екі ерін. Өзіне мөлдірей қараған сұлу әйелге байыптап қарап еді – үлбіреп тұрған уыз жас. Бұдан әрі үрке, әрі әлденге қымсынып, бір түрлі қиыла қарайтын сияқты. Жаппар әлдене дегісі кеп тамағын кенеп еді, бәрі бір даусы шықпады. Ханым телміре қарап тұр. Жаппар қолын созып еді, ханым бұлқынған жоқ. Ол жұп-жұмсақ, ып-ыстық елестің бауырына қалай кіріп бара жатқанын байқамады. Өмірінде жалғыз-ақ рет тап болатын қас-қағым ғана бақытты сәт осы екенін сезді. 5-мәтін Иә, көк мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ сол кімінің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған сағынышты жар ма, алыстан қол созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқыр сұлу ма, қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер нені бейнелеген болды? Алыстағы жарын күткен сағынышты бейнелесе, қасысына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып алатыны несі? Сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіңе баурап, қараған көздің шырқ айналып шыға алмайтыны қалай? Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымның алыстағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген. Өліп-өшкен махаббатын бейнелеген... Иә солай. Көк мұнараның сыйқырына ол енді түсінді... Бәйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды. 6-мәтін Бұған енді бәрі де түсінкті болды. Ханым әуелі мынау күлімдеген көркем мұнараға қайран қалды. сосын адамның ақылы жетпейтіндей сыйқыр мұнара тұрғызған шеберді бір көруге құмартты. Көріп еді, жас жігіттің іші-бауырына кіріп бара жатқан әдемі жанарына арбалды да қалды... Әмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай құртудың қамына шындап кірісті. Бұрынғысындай емес, біртүрлі бойы сергіп қалғандай. Көңілі бықсық күмәннан арылды. Оның орнын енді өзегін өртше жалап бара жатқан өшпенділік жайлап алды. 7-мәтін Зынданда тағы бір орын босады. Асылық ойлап, аспандағыға қол созған астам тілек шебердің нұр жайнаған қос жанары жендеттің қолындағы шоқ шашырап тұрған істік темірден ағып түсті. Бейшара жігіт көзінен айырылып, бебеу қағып жатқанда, тілі қырқылды. Қан-қан құр сүлдерді қыл арқанмен буып-буып түн қараңғысында екі жендет дарияның ар жағындағы бір қыстаққа апарып тастады. Талай жанның басын жұтқан Байтақ шаҺардың көріп отырғаны бір бұл емес. Елден асқан өнер көрсеткен талай шебер осындай халге ұшыраған-ды. 8-мәтін Әміршінің көз алдынан соқыр жігіт кетпей қойды. Ол есек арбасын дария жағасына тастап, өзі мұның күймесіне көшіп кеп, қарсы алдында қасқиып отырып алғандай. Нұр жайнаған жаутаң жанардан айырылған соң, жүзіндегі баяғы мейірім жым-жылас жоғалып кетіпті, әдемі жас жігітке лайық ізет-ибадан да еш жұрнақ қалмапты. Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай. Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. Күс-күс қос шеңгел кеңірдегіне тақап қалыпты. – Қорықпа,- деді әлдебір қырылдақ дауыс. –Барар жерің бәрібір жердің асты. Әмірші бұл жолы өзінің үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында жатқанын, әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын анық ажырата алмады.

Қалыптастырушы бағалау.

2-тапсырма Топтық тапсырма. Топтық жұмыс.  1-топ. «Өзегінен құрт шыққан алма» 2-топ. «Алақан жайған қос ақ білек» 3-топ. «Аспандай қараған асқақ мұнара» 4-топ. «Барар жерің бәрі бір жердің асты» 

1. Жұмыс жасауға дайын постерлер, плакат, маркер, желім беріледі.

2. Жұмыс істеудің тәртібі түсіндіріледі.

Рефлексия.(сабаққа талдау жүргізу.) Оқушылар бүгінгі сабаққа өзіндік көзқарастарын білдіреді. Топ бір-бірінің жұмысын бағалайды.Жалпы сабаққа пікірлерін стикерлерге жазып, іледі.

Суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=x3YHTuAraHY

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24334/.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

3+2+1

Үйге тапсырма.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Пәнаралық байланыс:тарих

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу