Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
Оқу мақсаты:
Т/Ж .Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;
Бағалау критерийі:
сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды
идеялық мазмұнын түсінеді
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем, бастан - аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман. Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек. Тақырыбы - әлеуметтік тартыстар, тап күресі, ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры. Бұл – психологиялық роман, мұнда түрлі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін көрсететін мінез - құлық, болмыс - бітім кеңістігі бар.
«Сұрақтар жауыны» әдісі
• Реалистік роман екенін немен дәлелдейсіздер?
• Қандай әлеуметтік тартыстар беріледі?
• Шығармадағы тап күресін көрсетіңіздер
• Ел мойнына қандай салмақ түсті?
• Адамдардың тағдыры қандай болды?
• Неге психологиялық роман деп аталады?
• Психологиялық ерекшелікті көрсететін қандай мінез-құлық пен болмыс-бітімді атай аласыздар?
1-топ.
1. Романдағы оқиға қай кезеңде бейнеленген?
2. Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
3. Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
• Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
• Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
2-топ
4. Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?
5. Ақбілек тығылып жатып қандай сезімде болды?
6. Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінді?
• Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
• Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
3-топ
7. Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
8. Қара мұрт қандай адам?
9. Бекболаттың сүйген қызынан бас тартуы туралы не ойлайсың?
• Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
• Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
4-топ
10. Әкесінің қызын үйінен қуып жібергені дұрыс па?
11. Жеңгесі қандай адам (жеңгесінің жасаған жақсылығы)
12. Ақбілектің қалаға кетуі оның өміріне қалай әсер етті?
• Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
• Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
Бағалау критерийі:
Шығарма мазмұнын түсінеді
Композициялық құрылымына талдау жасайды
Шығарманың идеясын анықтайды
Өзара бағалау. «Оң жағы, теріс жағы» әдісі
Болған оқиғаға Ақбілек кінәлі ме? Ақбілек қандай қыз?
Роман сізге ұнады ма? Романның қай жері ұнады?
«Ақбілек романы – ұлт тағдыры» деген пікрмен келісесіздер ме? Неге?
Кері байланыс
Не жақсы болды?
Нені жақсарту керек?
Қалай жақсартамыз?
Рефлексия.
1. Оқу мақсатына жету сізге оңай болды ма әлде қиын болды ма?
2. Оқу мақсатына жету үшін қандай іс-әрекеттер жасадыңыз?
3. Сізге нені жетілдіру қажет?
4. Сізге көмектің қай түрі қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?