М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, нұсқаулық.


Сабақ жоспарлауда, тапсырмаларды ұйымдастыруда сізге көмек болады.

Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.

Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі /образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен/ ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек:

1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,

2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,

3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,

4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.

Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.

Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.

проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.

Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:

ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.

10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.

ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.

11-сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады:

1. Баян батыр ел намысын ойлаушы күрескер ме, әлде ашу-ызаның құрбаны, қылмыскер ме?

2. Баянның іс-әрекеті /інісін өлтіруі/ саналы, мақсатты әрекет пе, әлде қызғаныштан туған әрекет пе?

3. Ноян ел намысын аяққа басушы сатқын ба, әлде албырт сезім, махабаттың құрбаны ма?

4. Қалмақ қызы неге «сұм сұлу» деп аталған? Автордың ол туралы көзқарасы қандай?

кімдер? Олар неден қорғалуы керек?

2. Қорғансыздар тағдыры қандай ой тастайды?

3. Автор қорғансыздарына қандай көзқараспен қарайды?

ІІІ. Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.

Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады. Төменде оқушының жұмысы көрсетілген:

Көкше келбеті

Сәкенше Мағжанша

1. Арқаның кербез сұлуы Сарыарқаның аралы

2. Сексен көл – алтын кесе Бурабай мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек Ай

3. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға

жүреді біліп-кетіп есенсауын Бөлектау: «Ой, бауырым» дер

4. Сұлу бетін дамылсыз жауын жуған Көкшенің тас жүрегі жаралы да

Тағы бір оқушы І.Жансүгіровтің «Құлагер» дастанындағы суреттермен салыстырып, өзіндік қорытынды ұсынады: «Ақындар кейіптеу арқылы Көкшенің сұлу табиғатын жандандыра суреттеген, Көкшетау – кербез, кең далада бойын күткен /Ілиясша/ бір ару. Менің ойымша, Мағжанның көкше аруы мұңдылау, қалың ой құшағында, ақын сол арқылы алдағы трагедиядан сыр бергенде».

ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.

Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер 

теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.

Ұқсастығы:

1. Тақырыбы – қазақ әйелінің теңсіздігі.

2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру.

3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.

4. Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары/.

Осылайша айырмашылығы да талданады.

Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.

Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:

1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?

2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?

3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?

Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:

«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».

«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.

Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:

1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.

2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.

3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.

4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу