М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, нұсқаулық. 8 сабақ.
Тапсырма.
Оқушылар берілген үзіндіні оқып, осы үзіндіні негізге ала отырып шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын постер түрінде береді.
ЖЖ.
Алашорда үкіметі биліктен шеттетіліпті. Әбікей ағасынан
естіген ақпары Қанышты екіұдай ойға бөледі: Ресейдегі Орталық үкіметтің қазіргі басшысы В.И. Ленинге Әлихан Бөкейханов сенімді серіктері – Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді келіссөз жүргізуге аттандырған: ал Алашорданың Семей облыстық комитетінің төрағасы Халел Ғаббасов 2-сәуір күні телеграф арқылы Кеңес үкіметінің бодан халықтар ісі жөніндегі төтенше комиссары И.В. Сталинмен сөйлесіп, нақтап айтқаны – Алашорда үкіметі Кеңес билігін мойындайды, бәлшебектер мен тізе қосып,
қазақтың ұлттық автономиясын құруға шынайы құштар-мыс...
Алайда жаңа үкіметтің адуын комиссары сол ұсынысты хош көрмепті. Алаш өкіліне бірден-ақ саяси күрестен бас тартып, ел билеу ісіне араласпауды талап етіпті. Жер-жердегі ахуал да солай етуге еріксіз мойындатқандай: В.И. Ленин мандатымен елге оралған Әліби Жангелдин батыс өлкеде ұлттық әскер жасақтаған, Қызыл гвардия отрядтарымен күшейтілген сол жасақ Каспий жағалауын, Үстіртті баса жүріп Кеңес билігін орнатқан; сол бетінде күллі Орынбор атырабын өздеріне тәуелді еткен; күні кеше өктемсіген казак-орыс атамандары өзара күш қоса алмай, қызылдар әскерінен күйрей жеңілген; Алашорда үкіметі жасақтаған екі полк атты әскер ту орталықтан жасанып келе жатқан күші басым жасаққа, әрине, төтеп бере алмайды...
Шығармадан басқа үзінді алуыңызға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?