Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.


Шоқанның Аягөзде ізі қалған

(Ш. Уәлиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігінен»)

 

 Шоқанның жан-жақты өнер иесі екендігін оның кез келген еңбегінен оңай аңғаруға болады. Соның бірі-жинақы да шымыр шығармасы- «Ыстықкөл сапары күнделігі».  Шоқан бұл еңбегін жазғанда бар жоғы 21 жаста екен. Егер Ш.Уәлихановтың ғылыми өмірбаянын жазып кеткен академик Әлкей Марғұлан дерегіне сүйенсек бұл жаста Шоқан Омбыдағы Батыс Сібір генерал-губернаторлығын басқаратын генерал Г.Х.Гасфордтың адъютанты, яғни, жеке тапсырмаларын орындаушы болған.  Баршаға аян, ұлы жүз қазақтары 19 ғасырдың ортасына таман Ресейге кешірек бағына бастады. Міне, осы мемлекеттік маңызы басым бұл істе патша үкіметі сақ саясат жүргізуі қажет болды. Өйткені, ол кезде бұл аймаққа Қоқан хандығының да ықпалы күшті болатын. Әсіресе, оңтүстікпен іргелес Іле сырты, Ыстықкөл маңында үлкен де күрделі істер өз шешімін күтіп тұрды.

   Бұл жауапты жұмыстың басын ертелі-кеш қайыра беру мақсатымен Батыс Сібір генерал губернаторы Г.Х. Гасфорд 1856 жылы көктемде патша үкіметінің ұйғарымына орай, Ыстықкөл аймағына ғылыми-әскери экспедиция шығаруға бұйрық берді. Экспедиция жетекшілігіне Ұлы жүз қазақтарының сол кездегі приставы және Алатау округінің бастығы полковник М.М.Хоментовский тағайындалды. Экспедицияның мақсаты-қырғыз халқымен жақынырақ болса да танысу және Ыстықкөл аймағын картаға түсіру еді. Құрамы жүзге тарта адамдардан тұратын экспедицияға Шоқан да енгізілді.  Шоқанның бұл экспедицияға енгізілуінің де салмақты себебі бар. Жас офицер бұдан бір жыл бұрын ғана, яғни, 1855 жылы сол генерал Гасфордпен бірге Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай сапарына қатысып қайтқан еді. Осы сапар кезінде ол генерал Гасфордтың назарына ерекше ілініп, болашақ Ыстықкөл экспедициясы үшін жергілікті адамдардың ішінен оңайшылықпен табылмас маман деген тұжырым қалыптасқан еді.  Шынында осылай болды да. Сібірдің сол кездегі ең жоғарғы әскери оқу орны деп аталатын Сібір кадет корпусын сегіз жылдық оқу бағдарламасы бойынша үздік бітірген Шоқан білімімен, әдеттен тыс зеректігімен маңайындағылардың назарын өзіне аудара білді. Сондықтан да болар, Гасфордтың жеке жарлығы бойынша Омбыдан Семейге, одан әрі Аягөз арқылы 1856 жылдың сәуірінде Шоқан сол заманның ең жүрдек көлігі- тарантас арқылы үш апта ішінде Верный бекінісіне жедел жеткізіліп, экспедицияға қосылды.  Әрине, бүгінгі біздер үшін ұлы ғалым күнделігіндегі сол кездердегі деректер аса қымбат. Бұл орайда ескерер бір жай, Шоқан Омбыдан Семейге дейінгі жол жүрісін қағазға түсірмеген. Ол Семейден шыққан сәттен бастап күнделік жазуды қолға алған. Күнделіктегі Семей мен Аягөз аралығындағы жолдың суреттелуі тым қысқа болса да барынша нұсқа.  Шоқан 20 сәуір күні түнде Аягөзге жетеді. «Аягөз шағын станция, онда Найман руларын басқаратын округтік пристав бар». Саяхатшының үш ай бойы жүргізген күнделігінің желі тартып, өрлеуі де дәл осы сөйлемдерден кейін басталады. Шоқан сипаттаған Аягөз ол кезде қазіргі Аягөз қаласынан сегіз шақырым жердегі қазіргі Мамырсу ауылының орнында болған. 

  Семейден бері қарай сусыз, жалаңаш даламен жүріп келген Шоқан , Аягөз аймағында табиғат көрінісінің бірден өзгергенін байқайды. «Шынында да маңайдағы шөлейтті сусыз даламен салыстырғанда Аягөз жерұйық секілді»-деп тегін жазбаса керек. Әділінде Шоқан бұл жерден табиғаттың дүр сілкініп, жаңғырар шағы көктемде өткенді. Ол бүкіл жол бойы масаты көкке қымтанған далаға, енді ғана жапырақ жарған тал, тобылғы, қарағандарға сүйсіне көз салумен болған.

Дереккөз:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу