Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 16-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Қиял мен шындық

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

 Сабақ мақсаты

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Бағалау критерийі

Ж.Сахиев шығармаларындағы құндылықтарды салыстырып, жаңашылдығына баға береді

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: тау шатқалдары, үлкен ғалым, жазба ескерткіштер, алапат үңгір

Пән лексикасы және терминология: тақырып, идея, тарихи құндылық, көркемдік құндылық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

Топта жұмыс жасау

 Пәнаралық байланыс

Тарих, астрономия

Алдыңғы білім

Материалдық және рухани құндылықтарды бағалауға қатысты алған білімді кеңейту

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-7

Қызығушылықты ояту

«Мен кіммін?» әдісі

Танымдық ойынға өз еркімен алдымен бір оқушы шығады. Ойынға шыққан оқушы маңдайына жабыстырылған стикерден басқалардың суреттеуі бойынша «Дабыл» әңгімесінен берілген жұмбақ кейіпкердің кім екенін табады. Ойынға қатысушылар жұмбақ кейіпкерді портреті, іс-әрекеті, мінез-құлқы т.б. арқылы әр қырынан суреттеп, ойыншының тез таба қоюына мүмкіндік бермеуге тырысады. Кем дегенде 3-4 оқушы ойнайды.

Мысалы: Қазыкен, Таңатар, Жасаған, Төлен, т.б. кейіпкерлердің сипаттамаларын ұсынуға болады.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

презентация

Сабақтың ортасы

8-15

16- 27

28-32

33-35

Мағынаны тану

1-тапсырма. «Журналистік сұрақтар» әдісі

«Адамзаттың ғарышқа ұмтылуы - қай заманда болсын қоғамның негізгі мәселесі» тақырыбы бойынша журналистік сұрақтар құрастырады. Топ ішінде мына алты сұрақ қойылады : Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? Бұл сұрақтар тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір сұрақ жаңа сұрақтарды дамытуға немесе құрастыруға қолданылуы мүмкін. Білім алушылар сұрақтарын құрастырып болғаннан кейін, басқа топтардың жауаптарын жазып алады. Соңында өз тобына келіп сыныптастарымен бөліседі және ойларын жинақтайды.

2-тапсырма. «Ақпараттағы ақаулық» әдісі

Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. 1-оқушы «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің үзіндісі, 2-оқушыға «Дабыл» әңгімесінің үзіндісі беріледі. Жұптағы оқушы бір - біріне өз әңгімесіне қатысты түсініктеме береді. Осыдан кейін оқушылар шығарма кестесін толтырып, екі шығарманы салыстырады.

Шығарма

аты

Тақырып ұқсастығы

Сюжет ұқсастығы

Көркемдік құндылық

Автор позициясы

3-тапсырма. «Мәтіндік зерттеу» әдісі

1-қадам. Оқушылар дәптерлеріне үзінділердің өздеріне ерекше әсер туғызған бөліктерін іріктеп жазып алады. Жазған бөліктері бойынша жұппен пікір алмасып, ой бөліседі.

2-қадам: Пікір алмасып, талдағаннан кейін төмендегі кестені толтырып жазады:

Әңгіме

Айдағы жасырынбақ

Дабыл

Мәтіннен негізгі ойды табыңыз

Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес, ақпараттарды белгілеңіз

Мәтіннен өмірлік қағида шығарыңыз

Тәрбиелік мәні бар қорытынды жасаңыз

Өздік бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ж.Сахиев шығармаларындағы құндылықтарды салыстырып, жаңашылдығына баға береді

«Адамзаттың ғарышқа ұмтылуы - қай заманда болсын қоғамның негізгі мәселесі» тақырыбы бойынша журналистік сұрақтар құрастырады

жұпта екі әңгіме бойынша түсінік береді

екі шығарманы салыстырып кестені толтырады

тақырып ұқсастығын салыстырады

сюжет ұқсастығын салыстырады

көркемдік құндылықты салыстыады

екі шығармадығы автор позициясын салыстырады

мәтіндік зерттеу жүргізіп, тәрбиелік мәні бар қорытынды жасайды.

презентация

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

  • Ж.Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесін оқу;
  • Ж.Сахиев фантастикасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын жинақтау.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу