Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 3-сабақ.
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ
«ҮШ ҚИЯН» ӨЛЕҢІ... Еділдің бойы – қанды қиян,
Жайықтың бойы шаңды қиян, Маңғыстаудың бойы – майлы қиянАдыра қалғыр, үш қиян!
Мұрат Мөңкеұлы
Оқу мақсаты:
8.2.4.1- шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу
Сабақ мақсаты:
Шығарма үзіндісін қайта өңдеп, оқырманды қызықтырып креативті жазады.
“Өрмекшінің торы”
Ортаға шеңбер жасап тұрыңыздар. Бір оқушының қолына оралған жіп бумасы беріледі. Оқушы жіптің ұшын шеңбердегі өзі таңдаған оқушыға «Үш қиян» өлеңі бойынша сұрақ қойып лақтырады. Екінші оқушы сұраққа жауап беріп, үшінші оқушыға сұрақ қояды. Осылайша шеңбердегі барлық оқушы жіпті шырмай лақтырып, бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап шығады. Сұрақ-жауап аяқталғаннан кейін оқушылар орындарына отырып, өз көзқарастарын бір минут жұбымен талқылайды.
1-тапсырма “Әдеби шеңбер”
1. Талқы себепшісі – шығарма мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырады.
2. Белгілеуші – шығарманың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді.
3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.
2-тапсырма
“Кезбе тілші” Ж.,ТЖ.Сынып әр топтан бір оқушыны «Кезбе тілші» етіп сайлайды. Олар топтарды аралап, жаңалықтар бағдарламасын жасайды. Оқушылар қайта өңдеп креативті жазу үшін шығармадан өздері қалаған үзіндіні таңдайды және бағалау критерийіне сәйкес дескрипторлар құрастырады.
3-тапсырма “Креативті жазу” Ж.,ЖЖ.
Өз таңдауыңыз бойынша үзінділерді бөліп алып, қайта өңдеп, креативті жазу жазыңыз.
Өздеріңіз құрастырған бағалау критерийі бойынша жұпта бір-біріңізді бағалаңыздар.
К Е Р І Б А Й Л А Н Ы С
«Бас бармақ»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?