Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 12-сабақ.


Бейнежазылым Youtube 20.10.14 Халық әні Елім - ай Kazakh folk s

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22518/

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі

Шәкәрімнің адамгершілік идеялары, арман-мұраттары алуан түрлі адамдардың тағдырын бейнелейтін сюжетті дастандардынан мейлінше толық танылады. Қазақ өмірінен алынған нақтылы оқиғалар негізінде нағыз реалистік сипаттағы «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» секілді поэма жазуы-ақынның ұлттық әдебиетімізге қосқан үлкен үлесі екені даусыз. Осы поэмаларда баяндалып тұрған оқиғалар бір-екі ғасыр бұрын болса да, ақынның заманындағы қазақ өмірінде әлі де кеңінен орын алған типтік жай- жағдайлар болатын. Еңдеше, ақыңның «Еңлік-Кебек» поэмасы хақыңда бұл «ертегі емес, ертеде болған іс» деп атап көрсетуінің үлкен мәні бар. Шәкәрімнің суреткерлік шеберлігі сан-қилы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін, көңіл-күйін, әсерлі бейнелеумен қатар, сол арқылы халықтың салт-санасын, әдет- ғұрпын, түрлі топ өкілдерінің психологиясын терең ашып көрсетуінен айқын аңғарылады. «Еңлік-Кебек», әсіресе, «Нартайлақ пен Айсұлу» дастанынан бұларға қоса ақыннын елдің ертедегі тарихынан мол мағлұматы бар шежірешілдігін де байқаймыз.

«Еңлік-Кебек»-қазақ елінің қоғамдық өмірін, салт-санасын, әдет- ғұрпын, әр топтың өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін нақтылы сурет бейнелер арқылы шынайы, шебер баяндаған нағыз реалистік туынды. Ақын ескі әдет-ғұрыпты берік ұстаған ру намысын қорғаушылардың сүйіскен екі жастың адал махаббаттық сезімін аяққа басып, оларды аяусыз жазаға қиған қаталдығын толғана баяндай отырып, сол замандағы қоғамдық өмірдің шиеленіскен қайшылығын ашып көрсеткен. Поэма тұңғыш рет 1912 жылы Семейде «Жәрдем» баспасында жарияланады. Шәкәрім поэмаға қысқаша кіріспе жазды. Қазақ даласында тайпалар мен ру басшыларының қақтығыстарының   қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы  Шәкәрім   көп толғанғанда, сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеген,тарих тағылымы арқылы ондай озбырлықтың қайталанбауын ел есіне салуды ойлады. Сөйтіп, ол адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, билеуші таптың  әділетсіз әрекетіне наразылық, бірін-бірі ұнатқан жастардың қайғылы өмірі туралы «Еңлік-Кебек» поэмасын жазды. Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған  замаңның құрбаны болған екі жастын  қайғылы тағдырын баяндайтын «Еңлік-Кебек» поэмасы бұрын да бірнеше  рет жарияланған болатын. Алғашқы ңұсқасы «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз »  деген атпен «Дала уалаяты» газетінің  1892 жылғы 31-39  сандарында, 1900 ж. «Қазақтың тұрмысынан хикая» деген атпен  қайта басылады.

Кейбір адам, жер-су аттары ғана өзгеріске ұшырағаны болмаса, поэманың бұрынғы мазмұны, сюжеттік желісі сақталған.

Өмір шындығына өзінше айландыру мақсатында тыңнан табылған пішін, шындық арқауында шиеленісе  шиыршық атқан табиғи тартыс, осыларды көркем жинақтаудан туған ер идея, өршіл пафос, мінездері мінсіз жасалған дара, мүсіндері тастан қашалған кесек       кейіпкерлер Нысан, Абыз, Еңлік, Кебек, Есен, Еспембет, Жапал, т.б. осылардың  әрқайсысының кеудесінде ұшқын атып, жалын шашып тұрған шекспирлік құштарлық пен өшпенділік, бәрін қаусырып жатқан кемел парасат пен  кең философия, осылардың өзін саф таза өнер биігіне көтеріп тұрған кенеулі ой мен келісті тіл.

Шәкәрім шығыс, орыс классиктерінің шығармаларын қазақша тәржімалауға көп көңіл бөлді. Бұл тұста аударма деген сөзді кейбір шығармаларында шартты  мағынада қолдануға болатынын айтуға тиіспіз. Мысалы, «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны бүгінгі қалыптасқан мағынада аударма емес, Шығыс әдебиеттерінде кеңінен тараған нәзира дәстүрлі негізінде белгілі сюжетті өзінше баяндаған шығарма. Нәресте кезінен бір-біріне өліп-өшіп ғашық болған Ләйлә мен  Мәжнүннің махаббаты барған сайын күшейе түсіп, екі қыршын жастың мезгілсіз өмірмен  қоштасқанын баяндап шыққаннан соң поэманың соңында өз  көңіл- күйін Мәжнүннің тағдырмен салыстыра бейнелеуі де назар аударарлық.

Шәкәрімнің қарасөз түріндегі шығармаларына келсек, ол қазақ әдебиетінде реалистік психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға аянбай күш жұмсағанын атап айтуымыз қажет. Мұны «Әділ-Мария»  атты автор өзі «Қайғылы роман»деп сипаттаған шығармасынан, сондағы сан түрлі адамдардың іс-әрекеттерін, көңіл- күйін, мінезін бейнелеуінен, сондай-ақ табиғатты, мысалы, Шыңғыстауды кейіптеу тәсілмен жан бітіргендей етіп суреттеуінен анық байқаймыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу