Ақтамберді жырау толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 20-сабақ.


1-тапсырма ТЖ.

Әр топ «Кезбе тілші» тақырыбында 2 минуттық креативті қойылым даярлайды. Оқиға Ақтамберді жырау заманында өтіп жатқандай болу керек. Қойылымда жырау толғаулары өңделіп қолданылады.

«Кезбе тілші»

1-оқушы. Ақпаратшы.

Телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

2-оқушы. Телестудиядағы диктор

оқиғалар барысы туралы жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы.Тілші.

Көрермендерге оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-5-оқушылар. Куәгерлер.

Тілші сұхбат алатын куәгер.

2-тапсырма Ж/ЖЖ.

Төмендегі тапсырмалардың бірін таңдап, жеке не жұппен орындаңыз.

  • Атақты жырау Ақтамбердіге қойылатын мемориалдық кешен жобасына қомақты қаржы бөлініп, конкурс жарияланды делік. Сәулетші ретінде сіз де бағыңызды сынап көргіңіз келді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар да өте жоғары. Сіздің жеңіске жету мүмкіндігіңіз жоғары. Ерекше мемориалдық кешеннің жобасын сөзбен сипаттап, креативті жазу жазыңыз.
  • Ғалым М.Мағауиннің айтуынша, Ақтамберді Қаракерей Қабанбай батырмен бірге Найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры болған, Әз-Тәукенің тұсында өмір сүрген. Ел бірлігі үшін күрескен осы үш тұлғаны ойша жүздестіріп, жырау толғауларымен байланыстырып, сюжетті әңгіме жазыңыз.
  • Ақтамберді жырау ізімен өткен заман, қазіргі заман, болашақ заман жайлы әсерлі толғау жазып көріңіз.

Бағалау парағы

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Ұсынылған үзінділерді қайта өңдейді;

Креативті етіп жазады.

  • Үзінділерді қайта өңдеп, шебер қолдана біледі;
  • Креативті жаза алады.

3-тапсырма Ж.,ТЖ.

  • «Аквариум» әдісі

Ортаға өз жұмысын «сәтті жазылды» деп есептейтін бір оқушы, «орташа» деп есептейтін бір оқушы, «сәтсіз» деп есептейтін бір оқушы өз қалауларымен шақырылады. Бұлар - аквариумдағы балықтар. Қалған оқушылар «балықтарды» аквариумнан шығару үшін олардың жазбаларын талдап, оқушының өзін-өзі бағалауына пікір айтады. Осы ретпен тағы үш оқушыны шығаруға болады. Оқушылардың жұмыстарына құнды пікір айтып, әділ бағасын беруге ең көп атсалысқан білімді оқушы «алтын балық» атанады.

[attachment=28269:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_20-saba_-osymsha-resurs_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу