Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.
Тәуелсізбін!
Темірхан Медетбек
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді, міне, азаттағым, теңдігім.
Бостандықта бойлығым мен ендігім.
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!
Қарсы қарап қатал мынау заманға,
Айналдық біз қайтпас, қайсар қамалға.
Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,
орман, көлім, далам менен балам да!
Жаным менің,
қаным менің тәуелсіз.
Арым менің,
жарым менің тәуелсіз.
Заңым менің,
бағым менің тәуелсіз.
Әнім менің,
дәнім менің тәуелсіз.
Тәуелсізбін –
Өзіме-өзім құдаймын.
Тәуелсізбін –
Нұры –сынды, күн, айдың.
Құласам да емін-еркін құлаймын,
Жыласам да емін-еркін жылаймын.
Тәуелсізбін –
танып тұрмын өзімді.
Ұшырамын қанат байлап сөзімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп,
Ешкім енді шұқымайды көзімді.
Тәуелсіз ғой ойым менен ұғым да,
бақыт құсым қонды келіп тұғырға.
Тәуелсіздік алды бүгін, қараңдар,
Тойым түгіл
қайғым менен мұңым да.
Заман өтті –
қансыратып қанаған,
Заман өтті –
қалтыратып тонаған.
Тәуелсіздік келді, міне, ақыры!
Зорға жеттім,
Зорға жеттім мен оған.
Темірхан Медетбек таңдамалы ІІ том Алматы «Жібек жолы» 2005 178-б.
Өлеңнен үзінді | Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады? | Неге? |
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім! |
Өлеңнен үзінді | Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады? | Неге? | |
Жаным менің, қаным менің тәуелсіз. Арым менің, жарым менің тәуелсіз. Заңым менің, бағым менің тәуелсіз. Әнім менің, дәнім менің тәуелсіз. |
Өлеңнен үзінді | Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады? | Неге? |
Тәуелсізбін – Өзіме-өзім құдаймын. Тәуелсізбін – Нұры –сынды, күн, айдың. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?