Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 4

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Автор бейнесін анықтайды;
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды біледі;
  • Шығарманы талдайды;
  • Эссе жазады.

Көптеген оқушылар

  • Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдайды;
  • Әдеби эссе жазады.

Кейбір оқушылар

  • Әдеби эссе жазуда ұлттық құндылықтарды өте жақсы қолданады;
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдай отырып, қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдайды.
  • Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: эпифора, анафора, аллитерация

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,

орман, көлім, далам менен балам да!

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Тәуелсізбін» өлеңі сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

2 минут

Оқушылар сабаққа ұйымдастырылады.

Оқу мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

2 минут

6 минут

8 минут

8 минут

17 минут

C. Медетбек Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңін оқиды.

Тапсырма №1

Ж/Т. «Тақтамен бөліс» әдісі

Сұрақ:

  • «Тәуелсізбін» өлеңін оқу арқылы авторды қандай адам деп ойлайсыңдар? Тақтаға әрқайсысың бір жауаптан жазыңдар. Жауаптарының 1-2 сөзден немесе сөз тіркесінен болғаны жөн екені ескертіледі.

Мынадай жауаптар болуы мүмкін: патриот, өз елін сүйетін, арманына жеткен, бақытты, т.б.

Кері байланыс. Оқушылар жазып болғаннан кейін, мұғалім олардың жазған кейбір сөздерін өздеріне бағыттап сұрақ қояды.

Мысалы, «Неліктен өз ұлтын сүйген ақын деп ойлайсыңдар?» – деген сияқты. Топ мүшелері бір-бірімен сөйлеседі, өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, жауап береді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

автор бейнесін анықтайды

өз ойларын дәлелдейді

Тапсырма №2

Т. Топтар берілген кестені толтырады.

1-топқа

Өлеңнен үзінді

Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады?

Неліктен көркемдегіш құралға жатады?

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!

2-топқа

Өлеңнен үзінді

Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады?

Неліктен көркемдегіш құралға жатады?

Жаным менің,

қаным менің тәуелсіз.

Арым менің,

жарым менің тәуелсіз.

Заңым менің,

бағым менің тәуелсіз.

Әнім менің,

дәнім менің тәуелсіз.

3-топқа

Өлеңнен үзінді

Үзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш құралдың қай түріне жатады?

Неліктен көркемдегіш құралға жатады?

Тәуелсізбін –

Өзіме-өзім құдаймын.

Тәуелсізбін –

Нұры –сынды, күн, айдың.

Кері байланыс

Топтар кестелерін сағат тілінің бағытымен өзінен кейінгі топқа береді. Оқып танысқаннан кейін, жауаптарын одан әрі нақтылау немесе түсінбегендерін білу мақсатында кестені толтырған топтарға сұрақ қояды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды

көркемдегіш құралдың түрін анықтайды

қолданысын талдайды

Тапсырма №3

Ж/ЖЖ/Т. «Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі

Оқушыларға бір шумақ өлең беріледі. Ол өлеңде не айтылғандығы туралы жеке ойланады. Орнынан тұрып бір сыныптасымен талқылайды. Екеуі келесі жұппен бірігіп, топ болып талқылайды.

Қарсы қарап қатал мынау заманға,

Айналдық біз қайтпас, қайсар қамалға.

Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,

орман, көлім, далам менен балам да!

Кері байланыс

Мұғалім олардың жауаптарын тыңдай жүріп, кейбір оқушыларға не топтарға жетелеу, ұлттық құндылықпен байланыстыра талдауға бағыттау,тереңдету бағытында сұрақтар қояды.

Тапсырма №4

Ақын Медетбек Темірханның

«Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,

орман, көлім, далам менен балам да!» -

деп жырлауының себебі неде?

Өз ойыңызды 70-90 сөз көлемінде эссе түрінде жазыңыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазады

мазмұнды түсінеді

ұлттық құндылықпен байланыстыра талдайды

әдеби эссе жазады

Темірхан Медетбек таңдамалы

ІІ том

Алматы

«Жібек жолы» 2005

Сабақтың

соңы

Рефлексия

2 минут

«Ең, ең, ең» әдісі

Оқушылардан ауызша сұрауға болады.

Ең оңай болған тапсырма...

Ең ұнаған тапсырма...

Ең қиын болған тапсырма...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу