Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

  Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.

 Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:

  • Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
  • Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
  • Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
  • Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
  • Әңгіме жүргізу.
  • Шығармашылық тапсырма беру.
  • Жаттау.
  • Жоспар құру.
  • Эпизодтарға тақырып қою.
  • Мәтінге жақын баяндау.
  • Көркем баяндау.
  • Сценрий құру.
  • Иллюстрация жасау.
  • Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
  • Шығарма жазу.

 Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:

  -Логикалық сұрақтар жүйесі(коркем шығарманы талдау,теориялық т.б мәселелер бойынша)

 -Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.

 -Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.

 Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:

 -Әңгіме(жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)

 -Шолу лекция(оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)

 -Тапсырма беру(оқулық, оқу құралдары бойынша)

 -Сұрақтарға жауап беру(оқу материялын арқау ете отырып)

 Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады. Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.

 

[attachment=28160:rd_mn_s6_n1_-7_rpa-trbiesi.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу