Қасым Қайсенов. Жау тылындағы бала. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, цитата

... Екі бала үрейі ұшып не істерін білмей тұр. Ашуға булығып екі көзі қанталап кеткен жендет Анна Ивановнаны бар пәрменімен жақтан салып жіберді. Сол кезде «Мама!» деп Серік бар дауысымен айқайлап жіберді де, бетін алақанымен баса қойды. Борис те баж ете түсті. Залым комендант Серікке жетіп барып: «Мама, мама!» - деп, қабырғаға сүйеніп тұрған Анна Ивановнаны нұсқады. Серік енді өзін ұрады екен деп тағы: «Мама!» деп баж ете түсті. Сонда ғана комендант шегініп, стол басына барып тілмаш әйелге бірдемелерді айтқандай болды. Ол әйел «білмеймін» дегендей, екі иығын қусырып, басын шайқады.

Серік өз мамасынан айырылып, Анна Ивановнаға ергелі көп уақыт өткен-ді. Ол Борис не десе, сол деп, Анна Ивановнаны «мама» деп кеткен еді. Енді, міне, Анна Ивановнаға жендеттің қанды қолы тиген сәтте бір кезде өз мамасының жан түршігерлік өлімін көріп, үрей болып қалған бала, енді Анна Ивановнаны да өлтіреді екен деп «мамалап» тыпыршыған себебі сол еді. Тілмаш әйел иттің қарғыбауын босатып қоя беріп Серікті өзіне шақырды. Серік көзінің жасын сүрртіп аяғын ақырын басып оған жақындады.

- Мынау сенің мамаң ба?- деп сұрады.

- Мамам, менің мамам деп іркілмей жауап берді Серік. Серіктің жауабы соққы көріп тұрған ана жанына ерекше бір қозғау салғандай еді осы кез. Бала мінезі, бала өжеттігі Анна Ивановнаны да жігерлендіре түскендей еді.

[attachment=28147:citata.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу