Қасым Қайсенов. Жау тылындағы бала. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


3-бөлім: Ересектер мен балалар

Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі

САБАҚ: 4

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қасым Қайсенов. Жау тылындағы бала

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

БС1 Тарихи және көркемдік құндылығы.

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Сабақтың мақсаттары

Ұлы Отан соғысындағы партизандар қозғалысы туралы тарихи деректер мен повесть оқиғаларын салыстырады

Кейіпкерлер әрекетін талдайды

Талқылаулардан қорытынды шығарады

Бағалау критерийлері

1.Тарихи деректер көрініс табатын эпизодтарды түсіндіре алды

2.Кейіпкерлер бейнесін ашудағы автордың көркемдік тәсілдерін түсіндіре алды

3.Повестің тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тарихи құндылық – тарихи деректердің көркем шығармада шынайы суреттелуі; көркемдік құндылығы – автордың көркемдік тәсілдерді тиімді қолдануы, өмір шындығын жинақтап бере алуы.

Кейіпкер әрекеті, суреттеу, сипаттау

Осыған дейін меңгерілген білім

Повестің мазмұнын біледі,

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

Слайдта Пән лексикасы мен терминологиясының түсініктемесі шығарылып, мұғалім түсіндіреді. Оқушылардың төмендегі сұрақтар бойынша ойлары тыңдалады: мақсатқа жеткенімізді қалай көрсете аламыз, яғни салыстырғанда, талдағанда, баға бергенде қандай әрекетті орындай алуымыз керек.

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

10 минут

5 минут

  • Оқушылар топтарға бөлініп, топтарда мұғалім ұсынған тарихи деректермен танысады. Осыдан кейін берілген тапсырмалар бойынша пікірлеседі.

1-тапсырма

Берілген тарихи деректер Қасым Қайсеновтың «Тау тылындағы бала» повесінде көрініс тапты.

Повестен берілген пікірді дәлелдейтін мысалдарды келтір:

  • Повесте баяндалған оқиға аталған елдердің қайсысында болды. Осы елге жататын ел, жер аттарын мәтіннен тауып ата
  • Повестің кейіпкерлерін атап, тарихи деректерге қатысын түсіндір

Топтардағы талқылаулар аяқталуға 2 минут қалғанда әр топтан елшілер шығып, басқа топтарды аралап, талқылауларын тыңдайды. Қайтып келіп өз топтарының талқылауларымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.

Бағалауға арналған дескриптор

  • Мәтіндегі барлық елді мекен мен жер аттарын атап тауып бере алды
  • Повестің барлық кейіпкерлерінің тарихи деректермен байланысын түсіндіріп бере алды

2-тапсырма

2.ЖИГСО стратегиясы. Оқушыларға осы отырған топтары жанұя тобы болып табылатыны, келесі тапсырманы орындау үшін жұмыс тобына бөлінетіндері түсіндіріледі. Ол үшін жанұя тобының мүшелері повестегі екі жанұя мүшелерінің аттарын алады да, бөлінеді. Мысалы Анна Ивановна ауылы, Серіктің ауылы, Боряның ауылы, Жамал апаның ауылы, Степан ағаның ауылы .

Топтарда оқушылар берілген сұрақтарды талқылай отырып, кестені толтырады.

Оқушыларға көмек ретінде «Әдеби-теориялық түсініктеме » беріледі.

Өмір құбылыстарын шынайы беру үшін, кейіпкерлер бейнесін ашу үшін автор әртүрлі көркемдік тәсілдерді қолданады. Ондай тәсілдерге: суреттеу (табиғатты, портретті, кейіпкердің сезім-күйін), сипаттау (кейіпкердің мінезін сипаттау, оқиғаны сипаттау), монолог, диалог жатады

Кейіпкерлер

Кейіпкерлердің әрекеті

Кейіпкердің әрекетінен қандай әсер алдың

Автор қандай көркемдік тәсіл қолданды

Топтағы талқылаулар аяқталған соң, оқушылар өздерінің жанұя топтарына оралып, өздері толтырған кестені пайдаланып, түсіндіреді.

ҚБ Мұғалім жұмыс тобындағы және жанұя тобындағы оқушылар талқылауларына қосымша нұсқаулықтар беріп көмектеседі.

Бағалау дескрипторлары

  • Кейіпкерлер әрекетін баяндап бере алды
  • Өзінің алған әсерін түсіндіріп бере алды
  • Қолданылған көркемдік әдістің қызметін түсіндіріп бере алды

3- тапсырма

  • Әдет деген не?
  • Қандай әдеттерді зиянды деп атайды?
  • Зиянды әдеттердің ерекшеліктері қандай?

Оқушылардың жауаптары флипчартта жазылады. Барлық жауаптар оқылады.

Жақсы (пайдалы) әдеттер бола ма?

«Жұмыс парағын» толтыру . Мұғалім оқушыларға «жұмыс парақтары» (А4) таратып, оларды тігінен 2 бөлікке бөледі. Бір бөлігінің атауы: «Жақсы (пайдалы) әдеттер», басқа бөлігі: «Зиянды әдеттер». Оқушыларға ойлап «жұмыс парақтарын» толтыру ұсынылады. Соңында бірнеше оқушы өз жауаптарын оқиды.

4-тапсырма

5 минуттық эссе. «Қасым Қайсеновтың «Тау тылындағы бала» повесінің тарихи, көркемдік құндылығы неде деп ойлаймын».

Бағалау дескрипторлары

  • Повестің тарихи құндылығын дәлелдейтін мысалдар келтіре алды
  • Повестің көркемдік құндылығын дәлелдейтін мысалдар келтіре алды

Мәтін. Тарихи деректер

Тапсырмалар

Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесінің мәтінінен алынған цитаталар

Түрткі сұрақтар мен тапсырмалар

Әдеби-теориялық түсініктеме

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен үшін бүгінгі сабақта не маңызды болды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға қолдау көрсету үшін түрткі сұрақтар мен тапсырмалар дайындадым, жұптық және топтық талқылауларды бақылап, қажет болғанда көмекші нұсқаулар беріп отырамын

Жұптық және топтық талқылауларды бақылау арқылы

Сабақта оқушы өзінің білмейтіні үшін алаңдаушылық сезімде болмауын қадағалаймын, барынша қолдау көрсетемін.

Ұлттық құндылықтарды талқылау арқылы олардың заманауи әлемдегі маңызын түсінуге көмектесемін

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу