Қасым Қайсенов. Жау тылындағы бала. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, дидактикалық материал.

Оқушының аты-жөні________________________________________________________

 Тарихи дерек

 1941 жылдың 22 маусымы күні Гитлер басқыншылары Советтер Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, еліміздің бастыс шекарасындағы Украина, Беларуссия, Молдавия жерлерін тез басып алды. Осы жерлерде жергілікті тұрғындар, елінің патриоттары жау тылында партизан отрядтарын құрып, орманда жасырынып жүріп жауға қарсы соғысқан. Немістің қаншама әскерлері мен танктерін құртып жіберіп отырған. Партизан қозғалысы бүкіл халықтық, интернационалдық сипат алды. Мұнда ерлермен бірге әйелдер де, қарттармен бірге жастар да, көптеген ұлттардың өкілдері болды. Мәселен, Украина партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысты. Толық емес деректер бойынша, Украинада жергілікті және т.б. ұлттармен бірге 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Беларуссияның 65 партизан құрамаларында 1500-ден астам қазақстандықтар болды.

 Повестен цитаталар

 ... Екі бала үрейі ұшып не істерін білмей тұр. Ашуға булығып екі көзі қанталап кеткен жендет Анна Ивановнаны бар пәрменімен жақтан салып жіберді. Сол кезде «Мама!» деп Серік бар дауысымен айқайлап жіберді де, бетін алақанымен баса қойды. Борис те баж ете түсті. Залым комендант Серікке жетіп барып: «Мама, мама!» - деп, қабырғаға сүйеніп тұрған Анна Ивановнаны нұсқады. Серік енді өзін ұрады екен деп тағы: «Мама!» деп баж ете түсті. Сонда ғана комендант шегініп, стол басына барып тілмаш әйелге бірдемелерді айтқандай болды. Ол әйел «білмеймін» дегендей, екі иығын қусырып, басын шайқады.

 Серік өз мамасынан айырылып, Анна Ивановнаға ергелі көп уақыт өткен-ді. Ол Борис не десе, сол деп, Анна Ивановнаны «мама» деп кеткен еді. Енді, міне, Анна Ивановнаға жендеттің қанды қолы тиген сәтте бір кезде өз мамасының жан түршігерлік өлімін көріп, үрей болып қалған бала, енді Анна Ивановнаны да өлтіреді екен деп «мамалап» тыпыршыған себебі сол еді. Тілмаш әйел иттің қарғыбауын босатып қоя беріп Серікті өзіне шақырды. Серік көзінің жасын сүрртіп аяғын ақырын басып оған жақындады.

 - Мынау сенің мамаң ба?- деп сұрады.

 - Мамам, менің мамам деп іркілмей жауап берді Серік. Серіктің жауабы соққы көріп тұрған ана жанына ерекше бір қозғау салғандай еді осы кез. Бала мінезі, бала өжеттігі Анна Ивановнаны да жігерлендіре түскендей еді.

[attachment=28134:rd_dm_s4_n1_-7_eresekter-men-balalar.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу