Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А.Алтай «Прописка» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін салыстыра алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейіпкер типтерін тек тұрғысынан сипаттап, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді басқа әдеби шығарма кейіпкерлерімен салыстыра алады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері

  • әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды;
  • шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Образ түрлері

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиеттану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар А.Алтайдың «Прописка» әңгімесімен танысқан.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал

«Мен қандаймын?»

Есіміне өз атының бас әрпімен басталатын сын есімді тіркестіріп айтады. Мысалы, «Мен әдемі Әсеммін».

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд

Ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

Қандай образдар?

Мұғалім сөзі.

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т.б.

С.

«Кейіпкерлер әлемі»

«Прописка - жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауыртпалық» тұжырымын және әңгіме мазмұнын өмірмен байланыстыра кейіпкер типтерін сипаттайды (Архат, Дәурен, Архаттың жеңгесі, Базиев, шофер, Қақатаев, үш жігіт, подполковник т.б.).

Дескрипторлар:

  • кейіпкер типін сипаттайды;
  • әңгімеден мысал келтіреді;
  • басқа кейіпкерлермен салыстырады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Т.

«Бес қадам» стратегиясы

Әр топтан өз қалауымен 1 оқушыдан шығады, бес қадам аттап жүріп, кейіпкерлерге мінездеме беріп, сөйлейді.

  • Архатқа 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
  • Архаттың ағасы Дәуренге 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
  • Капитан Базиевке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
  • Шофер жігітке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
  • Жетісу ауылының ауылсоветі Қақатаевқа 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
  • Подполковникке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.

Кері байланыс: «Екі жақты күнделік»

Кейіпкер

Менің пікірім

Топтық жұмыс

Мұғалім оқушыларға мәтіннен сол кезеңнің көрінісін сипаттайтын бірнеше мәтін таратады.

Дескрипторлар:

  • үзінді орнын айқындайды;
  • заман көрінісін талқылайды;
  • бүгінгі өмірмен байланыстырады;
  • тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Топтар бірін-бірі бағалайды.

Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: Желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер оқу

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Тарих, әдебиеттанумен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықта жұмыс жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу