Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІV бөлім: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым

1-сабақ

Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі

Сабақ : № 1

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Әдеби шығармада көтерілген мәселені анықтайды
  • Идеясы арқылы түсіндіреді

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Иек арту, қалың күпсек, жол сорабы, сүргіленген тақтай

Осыған дейін меңгерілген білім

Проза үлгілері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Төмендегі «адасқан» сөйлемдерді оқы. Мағынасына қарай отырып сөйлем реті бойынша орналастыр.

  • Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз.
  • Азаматтар үшін маңыздысы – тұрғылықты мекен жай бойынша тіркелу (просписка)
  • Онсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды.
  • Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы) және тіркеуден шығу қағазына штамп қоюы керек.
  • Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі – 2 күн.

Дұрыс жауабы:

  • Азаматтар үшін маңыздысы – тұрғылықты мекен жай бойынша тіркелу (просписка)
  • Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз.
  • Онсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды.
  • Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі – 2 күн.
  • Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы) және тіркеуден шығу қағазына штамп қоюы керек.

Мәтінді толық оқығаннан кейін, осы мәтінде көтерілген мәселе, тұрғылықты мекен жай бойынша тіркелу маңыздылығы туралы ой бөліседі. Не үшін қажет екендігі туралы айтады.

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс 3 мин

Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Кестені толтыр

Архаттың жолға шығу себебі неде?

Көздеген жеріне не себепті уақытында жетпеді?

Әңгімеге желтоқсан оқиғасының қатысы бар ма?

2- тапсырма

Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып жазады. Топтан бір оқушы қорғайды.

1. Шығыс Қазақстанның табиғаты, қысы туралы не білесің?

2. Әңгімеде неліктен қыс мезгілі емес болса да боран суреттеледі?

3. Кейіпкер көңіл-күйіне қатысы бар ма?

3- тапсырма

Қандай екі оқиға қатар дамып отырады? Жазушы неліктен екі оқиғаны қатар алып отыр? Бір-біріне қатысы бар ма?

Оқушылар пікірін ауызша айтқызуға болады немесе сурет салғызу арқылы, салған суреттерінің мағынасын ашыу арқылы қорғатуға болады.

Сабақтың соңы

Әңгімедегі көтерілген мәселені анықтайды

Бағалау дескрипторы

Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды

Жанрды анықтайды

Әңгімеде көтерілген мәсекені анықтайды

Сюжеттік талдау жасайды

Желтоқсан оқиғасына қатысын анықтайды

Қабілеті жоғары оқушыға ізденіп, шағын жоба жазып келуге тапсырма:

Урбанизация дегеніміз не? Соңғы он жылдықта қазақтар саны қайда басым, қалада ма, ауылда ма? Не себепті?

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

  • Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу